Құрметті отандастар!
ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.
1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.
Кеңес заманында өмір сүрген халықтарға «үлкен террордың» орасан зор қасірет әкелгені есімізде. Зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылды.
100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды.
Жазықсыз жазаланғандардың қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Тынышбаев, М. Дулатұлы, Т. Рысқұлов, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Асфендияров сияқты көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да ұлт зиялылары бар.
Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері («АЛЖИР») сол жылдардағы қатыгездік пен жауыздықтың қара таңбасындай болды. Мұнда саяси тұтқындардың жақын туыстары, әйелдері мен балалары қамалды.
Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Бұл зобалаңның қасіретін үш миллионға жуық адам тартты.
Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық.
Бүгінде республика өңірлерінде «Қазақ халқына – мың алғыс» монументтері орнатылған. Бұл – қазақ жұртының ақ пейілі мен даналығына деген шексіз ризашылықтың белгісі.
Тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырдым.
Біз жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады.
Өткен ғасырдағы ең қилы кезеңнің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31-мамырға орай үндеуі

Соңғы жазбалар
Фото: istockphoto.com Tengri Auto басылымының Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанда жеңіл автокөлігі бар отбасылардың үлесі
Фото: istockphoto.com TengriHealth хабарлағандай, Қазақстанда пластикалық оталар мен эстетикалық процедуралардан кейінгі асқыну жағдайлары жиі талқылана бастады.
Фото: istockphoto.com Tengri Education хабарлағандай, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде бірнеше жаңа міндетті оқу пәндері
Фото: istockphoto.com ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке деген қызығушылық
Фото: istockphoto.com Қытай ғалымдары брокколи құрамындағы заттың лейцин аминқышқылымен үйлесімі жас ұлғая келе бұлшықет массасының жоғалуын
Фото: aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент өз құттықтауында
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалған Футбол тарихында кездейсоқтық көп. Бірақ кейбір сәйкестіктердің дәлдігі соншалық, оны тағдырдың
Фото: istockphoto.com Tengri Travel-дің хабарлауынша, биыл қазақстандықтар үшін бірден бірнеше танымал елге кіру ережесі өзгерді. Жаңа
Фото: e-history.kz Шілденің алғашқы жексенбісі — елімізде Ұлттық домбыра күні. 2018 жылы арнайы Жарлықпен бекітілген бұл
Фото: kfb.kz Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, World Boxing ұйымы боксшылардың кезекті жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде бірнеше отандық