/

Төтенше жағдайға қаншалықты дайынбыз?

1272 рет қаралды

Оңтүстік халқы Мамырдың 1-інен бері топан сумен алысып жатыр. Мақтаарал ауданының 10 ауылы судың астына қалды. Өзбекстан Республикасының «Сардоба» су қоймасы жарылып, «Абай» каналы арқылы Қазақстанның шекарадағы ауылдарын жеткен топан су бейқам жатқан он ауылдың мал-мүлкін, үй-жайын басып қалған. Ауыл тұрғындарының көбі – құжаттарын алып та үлгермеген. Тек бас сауғалап, көрші ауылдарға босып кеткен. Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, Мақтарал ауданында 14 ауылдың 36 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды. 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Бұдан бөлек, 7639 гектар егістік су астында қалған.

Мамырдың 1-і күні Түркістан облысында арнайы құрылған штаб Мақтарал ауданында төтенше жағдай жариялады. Қазір айтып келмес апаттан зардап шеккендердің шығындарын есептеп, көмектесуге уәде берілді.

https://t.me/sputnikKZ/1767

Дегенмен, бұл оқиға Қазақстанның төтенше жағдайда дайын емес екендігін тағы да паш етті. Біріншіден, әкім қаралардың, жоғары шенділердің апат орындарында бой көрсетпеуі желіде қатты талқыланып, Қазақстан шенеуніктерінің тым салқынқандылығы, тіпті оқиға Қазақстанда емес, басқа бір мемлекетте болып жатқандай түр танытуы қарапайым халықтың қитығына тиіп отырғаны айқын. Мәселен, Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Оңтүстікті су басып жатқан кезде, Қарағандыда әлдебір зауыттың тұсауын кесіп жүрді. Оңтүстіктен, Мақтаарал өңірінен сайланған депутаттардың ешқайсысы бес күн бойына бұл апат жайында жұмған ауыздарын ашпаған. Тек мамырдың бесінде Мәжіліс депутаттары бір күндік жалақысын топан судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына аударатынын мәлімдеген. 

Екіншіден, ресми ақпарат шынайы жағдайды бүркемелеуге тырысты. Желі қолданушылары оқиға орнынан ақпарат таратып, оқиғаның қалай өрбіп жатқанынан жұртшылықты хабардар етіп отырды. Солардың бірі Мақтаарал ауданы Қоғалы ауылының тұрғыны, журналист Раушан Мақымова. 


4 мамырдағы фейсбук парақшасында ол «Әлеуметтік желіде фейк ақпараттар көбейіп кетті. Кеше кешкісін біраз уақыт желіге кірмей қойып едік, сол мезетте сүйіншіленген хабар жетті. Ватсапқа тарап кеткен. Дереу ауылға хабарластық. Олар да аң таң. Жоқ, кеш түскен соң жігіттер суды бөгеуге жиналып тағы кеткен.
Иә, сол өтірік ақпарат Құдай оңдап шынға айналса екен деп тіледім. Алла бір таңғажайыбын жіберсе екен деп тіледім. Ауылдастарымның еңбегін тажал суға тұншықтырмаса екен деп тіледім. Жанын шүберекке түйіп отырған олардың тілегі орындалса екен деп тіледім. Берген садақалары мен құдайы астары қабыл болса екен деп тіледім. Құдіреті шексіз Алланың мейірімі де шексіз ғой, осының бәрін қабыл ете гөр деп тіледім. 

Ал, өтірік ақпарат таратқандар олардың жанды жеріне пышақ сұғып, сыздап тұрған жараның аузын тырнағанмен бірдей екенін біле ме екен солар» деген жазба қалдырған. 

Раушан Мақымова апат орын алған күннен су тасқыны жайында жүйелі ақпарат таратып келеді. Оның жазбаларында кей ресми ақпарат пен шынайы жағдайдың сәйкес келмейтінін ескерткен

Үшіншіден, Қазақстан үкіметі Сардоба су қоймасы жарылып, Қазақстан шаруаларының дүние мүлкіне зардап келтіргені, 36 мың адамның үйсіз-күйсіз қалуы, Қазақстан экономикасына келтірілген зиян үшін Өзбекстанға қарсылық нотасын жолдамақ болып еді. Бірақ ол райларынан қайтып қапты.

Былтырғы Арыстағы жағдай мен биылғы Мақтаарал, Жетісай аудандарындағы апаттар Қазақстанның төтенше жағдайға дайын емес екендігін көрсетіп отыр.

Есен Байнұр

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі