//

“15 аппаратпен 22 адамға көмектескен кезіміз болды” медицина қызметкерлері вируспен қалай күрескенін баяндады

4535 рет қаралды
фото: www.coronavirus2020.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті. Қазір арнайы комиссия қайтыс болған 51 дәрігер мен коронавируспен күрес барысында індет жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу жағын қарастыруда.

Ал майданның алғышебінде жүрген медицина қызметкерінің бір парасы мейірбикелер мен мейіргерлер. Біз олардың бір екеуімен тілдесіп, жағдайын білген едік.

Қыдыр Нұрсұлтан Боранбайұлы

Астана Медициналық Университетінің 7 курс студенті. Балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, реанимация бөлімінде мейіргер.

ӨЗІМДІ СОҒЫС АЛАҢЫНДА ЖҮРГЕНДЕЙ СЕЗІНЕМІН

Менің жұмыс істегеніме тура 1 ай болды. Қазіргі кезде біз күн және түн ауысып жұмыс істеп жүрміз. Жұмысқа ерте келуге тырысамыз, себебі киімнің өзін 20 минут киеміз. Оранып алып жұмысқа кірісеміз. Дәрігерлердің тағайындаған жұмыстарын орындаймыз.

Коронавирустың салдарынан иммунитетте өте үлкен өзгерістер орын алады. Ол көбінесе жасы егде кісілерде байқалады. Қазір вирусқа қарсы өте қымбат дәрілерді қолданып жатырмыз. Инфекциямен күрес кезіндегі емдеу шаралары толыққанды жүзеге асып жатыр деп ойлаймын.

Біздің реанимацияда 3 пост бар. 15 адамға арналған. Әр постты 1 дәрігер жүргізеді. Қандай жағдай болса да сол кісі жауапкершілікті мойнына алады. Кадр жетіспеушілігі бар. Реанимацияда 15 адамға жоспарланған орын болса, қазіргі кезде емделушілердің саны 20-дан астам. Осы жағдайда кадр жетіспейді. Себебі біз мұндай көп науқасқа дайын болмай шықтық.   20-дан көп адам бізге сыймайды. Қабылдап жатқан дәрілердің бәрі қажет, ал адам саны көп болғандықтан бәріне дәрі, аппарат  жетпейді. Тыныс жетіспеушілігінің алдын алу үшін өкпені жасанды желдетуге ИВЛ аппараты керек. 15 адамға дайындалған құралдармен 20-дан астам адамды емдеу өте қиын дүние. Реанимацияға түскен адамдардың жағдайы ауыр болады. Ауа жетпейді, қысылады. Техника, аппарат жоқ, бұл науқастардың жағдайы тым қорқынышты.

Дәрігер, медбике, мейіргер, тазалықшы болсын бөлімшеге кірген кезде толыққанды қорғаныс киімін киеді. Дәрігерлер ауруханада түнейді, үйлеріне бармайды. Себебі олар коронавируспен ауырған адамдармен тығыз байланыста болады.

ИВЛ аппараты жетіспеген жағдайда дәрігерлер 1 ИВЛ аппаратын 2-ге бөліп, 2 адамды демалдырды. Мен бұны ерлікке балар едім. Осылайша 15 аппаратпен 22 адамға көмектесті. Айта кететіні, коронавирустың зақымдайтын ағзасы бүйрек. Оның үстіне өкпесі зақымданған болса, қант диабеті болса арықарай жазылып, сауығып кетуі қиындау.

Дәрігер  тек физикалық тұрғыдан ғана шаршап қоймайды, о дүниелік болған әрбір  науқас адамды  рухани тұрғыда қажытады.  Сол себепті бізге медицина қызметкерлерінің көп болғаны жақсы болар еді.  Науқас – ол біздің жақынымыз іспетті. Коронавируспен күрес – соғыстың альтернативасы. Қызметкерлер тапшы болу себебінен демалысты ойламаймыз. Демалған күннің өзінде, іштей ешқандай серпіліс болмайды.

Тағы бір қиындық – біздің ауруханада тамақпен қамтамасыз етпейді. Қарқынды жұмыс істейміз, алайда дұрыстап тамақтана алмай қаламыз. Кейде үйден тамақ әкелеміз, кейде “бигбон, роллтон” жеуге тура келеді. Өзімізге ұнамаса да басқа амал жоқ. Осы орайда “Kaspi.kz” ұйымына рахмет айтқым келеді. Қазіргі кезде бізді тамақпен қамтамасыз етіп жүр.

Базарбек Роза Үсенбайқызы

ГБСНП ауруханада медбике

ИНФЕКЦИЯНЫҢ ӨРШУІНІҢ СЕБЕБІ – ОСЫ САЛАДАҒЫ МАМАНДАРДЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫНАН ДЕП ОЙЛАЙМЫН

Қазіргі таңда аурудың көп таралуынан  соған байланысты аурухана жетіспеуінен  “COVID-19 “ инфекциясымен науқастармен жұмыс жасап жатырмыз.

Алғашқы уақытта біздің ел “COVID-19 “ инфекциясымен күресуге дайын болмады. Тағы бір минус “COVID-19 “ инфекциясы симптомсыз өткен болатын. Сол себепті науқастар дәрінің көмегіне жүгінбей, тек жаттығу жасап емделді. Қазіргі кезде науқастарда симптом көрініп, пневмония қатар жүріп жатыр. Сол себептен  ем қабылдауда өзгерістер пайда болды. Бүгінде пневмонияға, вирусқа  қарсы антибиотиктермен қоса иммунитет көтеру үшін витаминдер кеңінен қолданылуда.

Елімізде инфекционист, вирусолог дәрігерлер жетіспейді. Инфекцияның кең таралуы сол себептен деп ойлаймын.

Медицина қызметкерлері ауырған жағдайда 2 миллион, қайтыс болса 10 миллион төленеді делінген. Қазір ондай жағдайлар орын алды, бірақ ақша төленіп жатқан жоқ. Мен өзім істеп жатқан бөлімде 2 адам ауырып емделіп шықты, бірақ 2 млн берілген жоқ.

Ал өтемақыға келер болсақ, “Қауіптілігі жоғары” санатына жататындықтан маған 450 мың теңге төленеді, алайда кеш түседі. Мысалы осы айда істегеніңе келесі айдың соңында төлейді.

Дәрігерлер, медицина қызметкерлері жалпы иммунитет көтеріп, дұрыс тамақтанып, уақытылы демалып, науқастармен жұмыс жасағанда мұқият киініп, сақтық шараларын жасап жатыр. Қазір аппараттар жеткілікті.

Коронавирус инфекциясымен күресте себепсіз пневмонияның өршуінен дәрігерлерге ем жүргізгенде қиын болып жатыр. “COVID-19 ” ПЦР анализ результаты теріс бірақ пневмониямен ауырады . Егер анализ нәтижесі теріс болып тұрса дәрігерлер оған коронавирус деп диагноз қоя алмайды, тек пневмонияны емдейді. Себепсіз ауруханадан тыс пневмония  көп болып жатыр. Пневмония болған науқастар антибиотиктермен, жаттығулармен, ингаляциямен емделеді.

Вирусты көбіне қосымша аурулары бар атап айтқанда қант диабеті, жүрек аурулары, өкпенің созылмалы ауруымен ауырған егде жастағы науқастар ауыр деңгейде өткізіп жатыр. Қосымша аурудың өршуінен көп адам қайтыс болып жатыр.

Абралыева Гулзат Исламкызы

Алматы модульді инфекциялық ауруханасында медбике

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӘЛІ ДЕ ТАПШЫ

Алғашқыда ауыр деңгейдегі науқастар болмады. Сол себепті де жұмыс аса қиын болған жоқ. Қазіргі кезде расымен жағдайы төмен науқастар өте көп. Вирустың асқынып кеткеніне анық көзіміз жетіп жатыр. Бізде дәрі-дәрмек тапшы. Еліміздегі барлық дерлік аурухананың басты мәселесі осы деп ойлаймын. Дәрі-дәрмек жеткілікті болса дейміз. Себебі барлығы да соған тікелей байланысты. Қазір коронавирус өзге де ауруды қоздырып жатыр. Пневмониямен ауырған науқастар саны күрт өсті. Пневмония болғанда науқастар қан сұйылтатын препараттармен емделіп жатыр. Оларды атап өтсем, клексан, фраксипарин, гепарин және де вирусқа қарсы левофлаксацин, ципрокс секілді дәрілер тұтынады. Осы дәрі-дәрмек, препараттардың көмегімен қолымыздан келгенше науқасты емдеп жатырмыз.

22 сәуірден бастап “Қауіптілігі жоғары” санатына жататындықтан 450 мың теңге үстемақы аламын.

Мейіргер мен медбикелер “еліміздің тыныштық заманы қайта келсе екен! Алла қаласа бәрі жақсы болсын. Бәріміз жұмылып коронавирусты жеңеміз деп сенеміз. Жарқын күндер әлі алда. Өзімізді сақтайық” деген тілекпен қорытындылады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар