///

Әкім ТҰРСЫН, дәрігер: Егер біз осы вакцинаны алу туралы келісім жасап қоймасақ кешігіп қалуымыз мүмкін

3492 рет қаралды

Кеше Қазақстан Ресейден вакцина сатып алатын болды деген ақпарат таратқан едік. Денсаулық сақтау министрі қол қойған құжат бойынша Ресейде шығарылатын вакцина барлық тексерістен өткен соң алынатыны белгілі болды. Ал кеше кешке Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің ФБ парақшасына осы жаңалықты  тарқатып, вакцинаның бағасы, көлемі және әкелінетін күні алғашқы вакциналар шығарылған соң белгілі болатынын жазды. Осы постың астына ФБ қолданушысы  Асия Дамитова «Сұрақ қоюға рұхсат етіңіз, Ковид 19 түбегейлі зерттелді ме? Барлық ақпарат көздері оның әлі де зерттеліп жатқанын жазып жүр, ондайда вакцинаның жасалуы мүмкін бе? Әлде «Болса болар,  болмаса қояр» ма?» (Позвольте задать вопрос, изучен ли до конца Ковид19??? Исходя из имеющейся во всех источниках информации, его ещё изучать и изучать, так каким образом может быть вообще разработана вакцина, на «Если бы да кабы»?), – деп сұрақ қойды.

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі «Қазақстан тек Ресеймен ғана емес, басқа да бірнеше жеткізушімен келісім-шарт жасасып жатыр. Оның ішінде Қытай, АҚШ, Ұлыбритания т.б елдер бар. Вакциналар тек қажетті сынақтан өткеннен кейін ғана сатып алынады. Дегенмен, біз тапшы вакциналарды жеткізудің балама жолдарын қарастыра беруіміз керек», – деп «Казахстан проводит переговоры с несколькими поставщиками. В том числе с российскими. Также прорабатывается сотрудничество с Китаем, США, Великобритании и др. Вакцины будут закуплены только после прохождения необходимых испытаний, но мы должны заранее проработать возможность альтернативной поставки дефицитных вакцин» жауап жазды.

Мінбер.кз бұл келісім-шарт жайында пікір алу үшін дәрігер Әкім Тұрсынға хабарласқан еді.

 

Әкім ТҰРСЫН, дәрігер: Бұл ақпаратқа сыни көзбен қарайтынымыз рас. Дегенмен, келісім-шарт мәтінінде «Спутник V» вакцинасының кепілдік берілген көлемін» алатыны жазылған, егер біз осы вакцинаны алу туралы келісім жасап қоймасақ кешігіп қалуымыз мүмкін. Өз елімізде дайындалатын вакцинаның қаншалықты сенімді болатыны да белгісіз, бір жағынан биліктің отандық өнімге деген сенімі де аз. Қазақстанда жасалып жатқан вакцинаны Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей құзырындағы мекеме емес, Білім және ғылым министрлігінің құзырындағы мекеме жасап жатыр. Ол да сынақтан өтуде, біздің ғалымдардың әлемде алатын орны бар, вакцина жақсы болады деген сенім де бар. Бірақ ойлап табу бір бөлек дүние, өндіру бір бөлек. Тараз қаласында вакцина өндіретін зауыт салынып жатқанмен де, ол бірден іске қосылып, бірден жақсы өнім өндіріп кетпесі белгілі. Сол себепті бұл келісімге біз қанша күдікпен қарағанымызбен, таяқтың екі ұшы бар сияқты мәселенің екі жағы бар. Мүмкін біздің елдегі вакцинадан гөрі Ресейдің вакцинасы ерте дайын болып, сынақтан өтіп, қолданысқа еніп кететін шығар, кім біледі?. . Біздікі одан кейін жасалып қалар…

Дегенмен, отандық өнімді қолдау керек. Сөйте тұра біз вакцинаны ойлап табу мен шағын топта тексеріп көрудің, жалпы халыққа салуға жарайтындай етіп көп көлемде өндірудің өте мықты технологияны қажет ететінін ескеруіміз керек.

Әрине, мұндай келісім шарт керек. Бірақ дәрігер ретінде тек Ресейдің вакцинасымен ғана шектелмей Батыс елдерімен, Оңтүстік Корея елімен келісім-шарт жасалғаны жөн деп санаймын. Әлемнің көптеген елдері ежелден келе жатқан Пфайзер, Бейер фарм-компаниялармен келісім жасап жатыр. Ол компаниялардың технологиясы дамыған, барлық елге вакцина өндіруге жетеді.

Одан кейін, вакцинаның қалай жасалғанына да мән беру керек. Мәселен титры аз вирустың өзін қоя ма әлде оның өзгермейтін геномын қоя ма соған байланысты жан-жақты саралау керек. Мұның бәрі ұзақ уақытты қажет етеді. Кім біледі, күндердің күнінде бұның да тұмаудың вакцинасы сияқты қажеті аз болып қалуы мүмкін?.. Өткенде вирус ушыққан кезде халықтың 70 пайызы ауырып жазылды, оларда антидене қалыптасса ұжымдық иммунитет қалыптасты деп айтуға болады. Ондай тұжырым жасайтын себебіміз, Беларуссияда қатаң карантин болған жоқ, олардың көбі ковидтің жеңіл түрімен ауырып шықты. Ал 11 тамыздан бері қанша халық жиылып жатыр, бірақ ковидтің ауыр түрімен ауырғандар жоқ, демек олар  ұжымдық иммунитет қалыптастыра алды. Сондықтан әр нәрсені саралап, екшеп отырған жөн.

Бір нәрсе анық: «Сақтансаң сақтаймын» деген сөзді ұстанатын қазақ үшін вакцина сатып алу жөнінде алдын-ала келісім шарт  жасау сол сақтанудан туған. Ал одан кейінгі қадамдардың қалай болатыны осы мәселені бүге –шігесіне дейін білетін мамандардың қырағылығы мен жаупкершілігіне,  құзырлы органдардың ақпаратты бүкпесіз, нақты әрі анық таратуына байланысты болмақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері