Парақшамызға жазылыңызБұл туралы ҚР Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің фейсбук парақшасында жазды. Ешкімге айтпай, аяқ асты ХҚКО -на барған министр бұдан басқа да келеңсіздіктерді көргенін жазып, күтпеген кезде бару процесті нақ күйінде көрудің тиімді тәсілі екенін айтыпты.
1. ХҚКО жанындағы дүңгіршектерде «көмекшілерге» тап болдым, онда ЭЦҚ шығаруға және egov қызметтерін алуға АҚША арқылы көмектеседі! Пандемияның өршуі кезінде ХҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары жабылды, бірақ қазір бұл дұрыс шешім емес екенін байқауға болады. Әрине, сол жерлерде адамдар топталуда, вирус жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, енді ақысыз алынатын қызметтері үшін ақша төлеуге тура келуде.
Бір апта ішінде өзіне-өзі қызмет көрсетудің барлық аймақтарын қалпына келтіруді тапсырдым! ХҚКО-да пандемиямен күресуге жай ғана түр көрсете салмай, санитарлық жағдайларды жасау мен бақылау жүргізу жұмыстарымен айналысу дұрысырақ.
2. ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес.
Санитарлық тораптарға жедел түрде жөндеуге қаржы бөлу, оларды әр сағат сайын суретке түсіру тәжірибесін енгізу, басшыларға және ахуалдық орталыққа фото жіберу туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өңірлік және аудандық басшыларын жеке жуынатын бөлмелері бар сәнді кабинеттерден айыруды тапсырдым. Басшы клиентпен бірге бір санитарлық торапқа баруы тиіс. Осы жағдайда ғана басқаша болады деп ойлаймын.
3. Тіркеу орны жанында да ығы жығы халық. Бұның себебі түсінікті, талон кеңес алғаннан кейін ғана берілетіндіктен адамдар осында топталады. Сонымен қатар, анықтамаларды басып шығару үшін кемінде 5 адам келеді.
Сұраныстағы қызметтер бойынша барлық «куәлікті жоғалтқан кезде не істеу керек?», «сіздің пәтеріңізде тіркеуде таныс емес адам табылған кезде не істеу керек?» және т.б. кеңестермен жеке лендинг-парақтарын жасау керек екендігін шештік.
Ал анықтамаларды басып шығару үшін бұрынғы ақпараттық киоскілер кері қайтарылады, онда куәлікті қоюға, оны сканерлеуге және кез келген анықтаманы басып шығаруға немесе қызметке өтінім беруге болады.4. Жеке куәлікті қалпына келтірдім. Суретке түсірген кезде, суретке қарау үшін адам оператордың мониторында тұруға және көруге мәжбүр. Әлбетте, бұл ыңғайлы емес.
Барлық орындарда екінші мониторды қою шешілді! Бұл шешім негізінен 2013 жылғы стандартта бекітілген! 2013 жылы енгізілген шешімді қалпына келтіру керек!!!
5. Құжаттың қашан дайын екенін білу үшін қазір ХҚКО-ға қоңырау шалып білуге тура келеді. Дегенмен 2008 жылы Тимур Жүнісовтың ұсынымы бойынша құжаттардың дайын екендігі туралы смс-хабарлама және оларды алып кетуге болатыны туралы хабарлама жасалды.
Қысқа мерзімде клиенттерге смс-хабарлама бойынша сервис қалпына келтірілетіні шешілді!
6. Брондау кезегінің қажеті бар ма? Сіз алдын-ала брондауға тапсырыс беріп, келгенде, бөгде адам бронь жасамай, айқай-шу көтеріп, өтіп кетеді.
Фокус-топ (әр түрлі жастағы адамдар кіреді) брондауды пайдалана алатын дәрежеге жеткен кезде ғана жасау қажет деп ұйғарылды!
Бұрын ХҚКО-ға бармағаныма кешірім сұраймын.
ХҚКО-ға барудың қажеттілігі болмас үшін барлық қызметтерді онлайнға ауыстыруды ойладым. Алайда, ересек буын үшін ХҚКО-ға бару әлдеқайда дағдылы екенін мойындаймын. Сондықтан қызмет көрсетуді ыңғайлы ету үшін әлі де күш жігерімді жұмсаймын!
Халыққа қызмет көрсету орталығында жұрт тегін қызметке ақша төлеп жүр

Соңғы жазбалар
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық қоғамды дүр сілкіндірді. Оқиға болған түні қылмысқа себеп ретінде
Оралдағы Жаңадан құрылған “Жайық” ФК екінші лига командалары арасындағы ел біріншілігінің үшінші турында алматылық “Джейран” футбол
Бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, ақын, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы
2-бөлім: Түрікті түрік деп атайық Махмұт Қашқари қолданысындағы әр бір сөз үлкен мағыналы ұғымға жетелейді. Ол
Белгілі жазушы, драматург, сценарист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
2025 жылғы 19 сәуір күні сағат 18:40-та Тараз қаласының 104 апаттық-диспетчерлік қызметінің пультіне жедел жәрдем станциясының
Фото: instagram.com Алдыңғы жылы ғана бұл жерде тұмса табиғаттың одан сайын көркін кіргізіп тұрған бақ бар
Фото: instagram.com Бүгін Алматыда өткен «Almaty Half Marathon» кезінде екі қатысушы көз жұмды. Олар – 84
“Мінбер” кітапхана айдарымен сіздерге сайтымыздың тұрақты авторы Бақытбек Бәмішұлының “Ащы жас араласқан ана сүті” атты әңгімесінің
(1-бөлім) Жағрапиялық аумағы жағынан күн шығысында Тынық мұхиттан басталып, батысында Ақ теңізге дейін созылған ұланғайыр алқапты