/

Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы заманауи реанимациялық жабдықтарды сыйға алды

1548 рет қаралды

AYALA қайырымдылық қоры Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына қазіргі заманғы реанимациялық жабдықтардың 18 бірлігін, оның ішінде дене салмағы өте төмен нәрестелердің қарқынды терапиясына арналған 2 инкубаторды, 5 реанимациялық үстелді, 6 фототерапия шамын және 5 жоғары дәлдікті медициналық таразы берді. Жоба Halyk Bank-тің демеушілік қолдауының арқасында жүзеге асырылды.

 «Бұл өте маңызды қайырымдылық жоба, себебі әңгіме біздің еліміздің болашақ ұрпағы – сәбилердің, жаңа туған қазақстандықтардың денсаулығы туралы болып отыр, – деп атап өтті Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев. – Сондықтан Банк түрлі әлеуметтік маңызды жобалар бойынша біздің бұрыннан келе жатқан серіктесіміз болып табылатын AYALA қорының бастамасын қолдады. Осы жабдықтар мен жан-жақты қолдаудың арқасында Орталық мамандары балаларға уақытылы білікті көмек көрсетіп, дүниеге жаңа келген сәбилерге өмірлік жолдама беретініне сенгім келеді».

Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы – еліміздегі ең ірі перзентхана. Жыл сайын мұнда 8-8,5 мың әйел босанады, оның 12%-ы мерзімінен бұрын босанатындар.

«Біздің орталық 2011 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істей бастады. Бірақ 10 жыл ішінде медициналық жабдықтар моральдық жағынан ескірген, сондықтан үнемі қымбат жөндеуді талап етіп, жиі істен шығады. Бізде орнатылған көптеген модельдер өндірістен алынып тасталды, бұл жиынтықтарды сатып алуды қиындатады. Әсіресе, құрал-жабдықтардың тапшылығы неонаталдық қызмет бөлімшелерінде өте өзекті. Енді Halyk Bank пен AYALA қорының қолдауының арқасында неонатология бөлімшесінің барлық қажеттіліктері қанағаттандырылды. Дәрігерлердің, ірі бизнес пен қордың біріккен қамқорлығы жаңа туған нәрестелердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектеседі», – деп атап өтті Алматы қаласы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы директорының орынбасары Светлана Александровна Лисогор.  

 Берілген жабдықтың жалпы құны 27 003 750 теңгені құрады.

Қарқынды терапияға арналған инкубатор жылудың реттелуі бұзылған жаңа туған нәрестелердің дене температурасын, қажетті ылғалдылықты және оттегінің деңгейін ұстайды.

Ашық реанимациялық жүйе шала туған балаларды емдеу үшін оңтайлы микроклиматтық жағдайларды ұстап тұру үшін арнайы құрылған. Әдетте олар төмен дене салмағымен туады, және нәрестелерге терідегі ұсақ тесіктер арқылы буланып кететін ылғалды жоғалтпай ұстау керек. Дененің қалыпты температурасы 37,5С аспауы тиіс, іш температурасы 36,2 – 36,5С шегінде болуы тиіс. Ашық реанимациялық жүйеде осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін кереуеттің, ауаның температурасының жайлы деңгейі мен сәулелі жылу берудің қуаты белгіленеді.

Фототерапия шамы жаңа туған нәрестелердің денсаулығы мен зиятын сақтай отырып, оларды емдеуге көмектеседі. Жаңа туған нәрестелердің сарғаюы – бұл орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануына әкелетін уытты билирубин деңгейінің ұлғаюы. Әсіресе ол шала туған балалардың арасында жиі кездеседі. Қандағы уытты билирубиннің жоғары деңгейі дамудағы кідірістерді, атетоидты церебралды сал ауруын, ішінара немесе толық сал ауруын, құрысуды, есту проблемаларын қоса алғанда, баланың бас миының қайтымсыз зақымдануына себеп болуы мүмкін.

AYALA қайырымдылық қорының мақсаты – Қазақстандағы сәбилер мен балалар өлімін және мүгедектікті азайту. Ол үшін қор 14 жылдан бері «Өмірі сыйлайық» жобасын жүзеге асырып келеді. Оған жиналған барлық қаражат Қазақстан ауруханаларының перинаталдық орталықтары мен балалар бөлімшелерінің реанимацияларын өмірлік маңызды жабдықтармен жабдықтауға жұмсалады.

2007 жылдан бастап мұндай жабдықтар еліміздің 36 қаласы мен елді мекенінде орнатылды. Қордың бағалауынша, бұл Қазақстанда жүздеген мың баланың өміріне араша болуға көмектескен. Жоба жалғасуда, өйткені қорға балалар реанимациясы бөлімшелерінен құрал-жабдықтарды сатып алуға көмек сұраған хаттар легі үнемі келіп тұрады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар