////

Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл: Жайылмадағы жайнаған өмір немесе ауыл өміріне қан жүгірткен мектеп

3159 рет қаралды

Сыртынан әлеуеті жоқ, экономикалық маңызы нашар мекен ретінде көрінсе де, тумалары, тұрғындары үшін кіші Отан – Жайылма ауылы жүректеріне ыстық.

Ауыл Ақтөбе облысымен шекаралас жерде, облыстық орталықтан 300 шақырым, ал аудандық орталықтан 100 км қашықтықта орналасқан.

Ауылда: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қамысты ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Жайылма орта мектебі» ММ; фельдшерлік-акушерлік пункт, бірнеше шағын шаруа қожалығы, әкімдік және «Чайхана» атты жол жиегіндегі дәмханасы бар. Тұрғындардың айтуынша, әрбір мекендегідей бұл ауылда да өзінің әлеуметтік проблемалары аз емес, алайда әлеуметтік қолдау көрсете алардай арнайы мекеме жоқ. Осылайша мектеп бойынша, жалпы ауылдың кейбір мәселелерін өз бетімен шешу мақсатымен 2013 жылы ауылдың белсенділері мен жанашырлары бірігіп, «Жайылма» бастамашыл тобын құруды ұйғарады. Топ құрамына директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Ақбасова Шимбат Серкебайқызы (топ жетекшісі), жергілікті мектеп директоры Өтегенов Нұрлан Каримжанұлы және ұстаз Акбасова Айдана Ғалымжанқызы кіреді.


Бастамашыл топ уақыт кетірмей, аймақтық, облыстық, республикалық деңгейдегі әлеуметтік идеялар мен жобалар бойынша әр түрлі жәрмеңкелерге, конкурстарға қатысып, 18 жобаға гранттар ұтып алады. Жобалардың тақырыптары білім беру саласынан бастап әлеуметтік осал топ мәселелеріне дейін қамтыды.

Сонымен бастамашыл топ арқасында ауыл тіршілігі қалай жақсарды:

  • «Энергия үнемдеуіш жарық жүргізу» жобасы аясында Сахаровка, Жайылма, Пушкино ауылдарының осал топ өкілдеріне энергия үнемдеуіш лампалар таратылды.
  • Аудандық шағын гранттар байқауы аясында «Беркут» балалар орталығының үйірмелер мен секцияларына арналған жабдық сатып алынды.
  • Облыстық әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауы аясындағы 2017 жылы «Жергілікті қоғамдастық мәселелерін шешу» конкурсы нәтижесінде «Қол жетімді спорт» жобасы іске асырылды. Бұл жоба шегінде балалар мен жастарға арналған спорт алаңы тұрғызылды.
  • Аудандық шағын гранттар байқауы аясындағы «Қамқоршылықпен қазір айналысамыз» жобасын іске асыру барысында мектептің табысты түлектерінің ассоциациясы құрылды. Мектепке қолдау мен көмек көрсету бойынша мектептің қамқоршылық кеңесі мен түлектер ассоциациясы арасындағы ынтымақтастық бойынша жұмыс реттелді.
  • Аудандық шағын гранттар байқауы аясындағы «Ауылдағы спорт» жобасын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында тұрғызылған спорт алаңы үшін спорт жабдықтары сатып алынды.
  • «Өнер» тігін тігу цехі жобасын іске асыру аясында ұлттық нақыштағы киім, көрпе, дорбалар тігілді.
  • Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі және Халықаралық қайта құру және даму банкінің қолдауымен «ZhasProject» жобасы, Қостанай облысының Азаматтық альянсы ұйымдастырған әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесіне қатысып, «Ауылым – алтын бесігім» этнолагері жобасы жүзеге асырылды.
  • Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты іріктеуге үйрету бойынша жобаларға еріктілерді қабылдау бойынша «Birgemiz: TazaÁlem» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру гранты аясындағы байқауына қатысып, «Тобол өзенін тазалау» жобасы іске асырылды. Тура сол сияқты Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени мұрасын сақтау бойынша жобаларға еріктілерді тарту бойынша грант аясындағы «Birgemiz: AsylMura» конкурс жалпыұлттық жобасы шегінде «Ауыл мақтанышы» қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жоба шегінде 1926 жылғы сәулет құрылыстарына косметикалық жөндеу жасалуда.Тағы сондай Денсаулық сақтау, хоспистардағы, онкологиялық диспансерлердегі және т.б. науқастарға көмек көрсетуге еріктілерді тарту бойынша гранты аясындағы салауатты өмір салтын насихаттау және COVID-2019 алдын алу жобасы іске асырылды.

Жоғарыда айтылған жобалардың арасынан белсенділердің аса мақтаныш сезімін туғызатыны – «Ауылым – алтын бесігім» атты жобаның «Jailma» этнолагері. Бұл жоба бастамашыл топ мүшелеріне өзінің қайталанбастығымен, қажеттілігі мен әлеуметтік маңыздылығымен қымбат көрінеді. Осындай өркениеттен алыс мекенде балаларға жазғы демалыс үшін жағдай жасау мәселесі аса маңызды. Топ жетекшісінің айтуынша, бұл жоба «Рухани жанғыру» мемлекеттік бағдарламасын енгізуді басып озды деуге болады, яғни 2017 жылы мақсаты мен міндеті ұлттық сананы ояту, өз халқының тұрмысы, мәдениеті, дәстүрі мен тарихына баулу болып келетін киіз үйлердегі этнолагері ашылды. «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыру аясында бұл жоба ауданның бренді болып танылды. Жобаның сәтті жүзеге асырылуы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында бірнеше рет жарияланып, кең таралса да, ең бастысы – лагерь балаларға өте ұнады: олар жоба арқасында қазақ халқының салт-дәстүрін, сәндік-қолданбалы өнерін, ұлттық тағамын зерделеп, танысып, ұлттық ойындар ойнап, атқа мінуді үйренді.

Шимбат Ақбасова: «Қазір «Жайылма» БТ басшысы ретінде біздің барлық жобамыз топтың әр мүшесінің Отанымызға деген сүйіспеншілігі, ісіне деген берілгендігі, ауылымыздың тіршілігін жақсарту, жандандыру, қызықты қылу, тұрғындарға жағдай жасау, біз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін өмір сүреміз және елеулі еңбектің нәтижесі деп сеніммен айта аламын. Біздің барлық жетістіктеріміз топтың әр мүшесінің алға қойған мақсатына жетуге деген жеке үлесінсіз іске аспас еді. Ауылдың әлеуметтік мәселелерін, әсіресе мектеп мәселелерін шешуге үлкен үлес қосқан адам – мектеп директоры Нұрлан Өтегенов. Бұл кісіні кеңпейілді, мейірімді, басқалардың проблемасын өзінікіндей көретін, белсенді азаматтық ұстанымы бар адам ретінде білемін. Бұл адам ауыл мектебінің сақталуы мен гүлденуіне мол үлес қосады: оқу-тәрбиелік жұмыстан бастап, мектеп контингентін толықтыру мен мектепті сақтау мақсатымен Оңтүстік Қазақстан облысынан көпбалалы отбасыларды көшіру процесін қамтамасыз етеді».

Бастамашыл топ азаматтық қоғам саласындағы атқарған жүмыстары үшін бірнеше мәрте аудандық, облыстық және республикалық деңгейдегі грамоталармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біздің әр жобамыз – бұл кішкентай болсын жетістік, еліміздің дамуы мен гүлденуіне деген біздің қосып отырған үлесіміз», – дейді өз ісін мақтан тұтатын Шимбат Ақбасова.

Жанар Байтілес

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі