///

Жүкті әйелдер мен сәбилерге арналған вакцина жайлы не білеміз?

7322 рет қаралды

Сырқаттың алдын алудың ең тиімді жолы, әрине вакцина. Еліміздің орта буыны, жас буыны, егде жастағы азаматтар барлығы дерлік вакцина алып жатыр. Оң нәтижесін де көзіміз көрді. Көкейде «балалар мен жүкті аналарды қалай қорғаймыз?» деген сұрақ та жоқ емес. Қазақстанға коронавирусқа қарсы америкалық Pfizer вакцинасы қазан айында ғана жетеді, бастапқы кезеңде оны балалар мен аяғы ауыр әйелдер ғана салдыра алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осылай деп хабарлады. Видео Coronavirus2020.kz сайтының телеграм-арнасында жарияланды. Дәл осы сұрақтың жауабын алу үшін мамандарға жүгіндік. Сұрағымызға жауапты Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Алматы облысы бойынша филиалы, медициналық қызметтер сапасына мониторинг жүргізу бөлімінің бас сарапшы маманы, балалар дәрігері Майра Айтуарқызы жауап берді.

«Pfizer вакцинасы деген қандай вакцина?

2020 жылдың 31 желтоқсанында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) BioNTech пен Pfizer-ден COVID-19-ға қарсы Comirnaty вакцинасын тіркеді, бұл вакцина ұйым пандемияға қарсы күресте таныған бірінші вакцина болды. Сол күні төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға рұқсат етілді.

Pfizer / BioNTech вакцинасы (BNT162b2)-бұл митохондриялық рибонуклеотид негізіндегі COVID-19 вакцинасы, BioNTech неміс биотехнологиялық компаниясы американдық Pfizer мен қытайлық Fosun Pharma компаниясымен бірлесіп жасаған .

Көптеген дамыған елдерде 12 жастан бастап жасөспірімдерде коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастады және бастауыш мектеп жасындағы балаларға вакцинацияның клиникалық сынақтарын жалғастыруда. Жасөспірімдерге вакцинация әлі де кеңес, ұсыныс сипатында, бірақ үкіметтік сарапшылар  пандемиямен күресте маңызды шара деп санайды. Бұл сонымен қатар жаңа аурудың басталуына қарсы тұруға мүмкіндік беретініне сенімді. Мысалы АҚШ, Израиль, Жапония сияқты елдер осы вакцина түрін балаларға егуді бастап кетті.

Пфайзер балалар мен жасөспірімдерге қолдануға ДДҰ ұсынған жалғыз вакцина.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау министрлігі 2 млн доза вакцинаны жеткізуге келісім шарт жасады. Министр балалар мен жасөспірімдерге Pfizer вакцинасын егуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

Вакцинация тек ерікті форматта, ата -аналардың келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцина белсенді емес, ол жасуша ядросына енбейді, тез ыдырайды. Және жасушалық функцияға әсер ете алмайтын болғандықтан ол қауіпсіз вакциналардың қатарында.

Жүкті әйелдер бұл вакцинаны, әйелге тигізетін пайдасы вакциналық тәуекелдерден жоғары болған  кезде ала алады.

Сондықтан, SARS-CoV-2 вирусын жұқтыру қаупі жоғары жүкті әйелдерге (мысалы, денсаулық сақтау саласының мамандары) немесе ауыр сырқаттанушылық қаупін арттыратын қосалқы аурулары бар әйелдерге дәрігердің кеңесінен кейін ғана алуға болады.

Pfizer-Biontec COVID-19 вакцинасы SARS-CoV-2 маңызды инфекциясына қарсы 95% тиімді.

Бұл вакцина балалардың  бәріне бірдей қажет емес шығар, бірақ міндетті түрде – созылмалы аурулары бар балаларға қажет. Мысалы, қант диабеті немесе жүрек ауруы. Ол аурулар өте нашар аяқталуы мүмкін .

ДДҰ сарапшылары Pfizer мен BionTech жасаған вакцинаны 12 жастан асқан балаларға ең қолайлы деп санайтынын айтады.

«Тәуекел тобына жататын 12-15 жас аралығындағы балаларға, басқа жастағы емделушілерге осы вакцинаны салуға  болады. Балалар вакциналарын зерттеу әлі жалғасуда, ДДҰ эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұсыныстарды үнемі  жаңартып тұрады.

Балалар мен жасөспірімдер әдетте ересектерге қарағанда ауруға оңай төзеді, сол себепті егер олар жоғары қауіпті топқа кірмесе, оларды тездетіп вакцинациялауға болмайды.

Кез келген вакцинаның жағымсыз әсері де болатынын ескерсек, тәуекел ықтималын саралап, егер қауіптен гөрі пайдасы басым болса, егу туралы шешімді дәрігер шығарады және ата ананың рұқсатымен ғана жүзеге асады» дейді маман.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері