//

Атақты адамдардың тойын өткізген нысандар 670 мың теңге айыппұл төлейтін болды

517 рет қаралды

21 қазан күні Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин  онлайн брифингте, карантин кезінде ауқымды іс-шара өткізіп, көпшілікті жинағандардың жазаланғанын айтты.  Бас санитардың айтуынша, Алматыда карантин талаптарын бұзу бойынша заңды тұлғаларға қатысты 724 хаттама, жеке тұлғаларға 5 694 хаттама толтырылды. Екі тұлғаға да 252 миллион теңге айыппұл салынды.

Әлия Назарбаеваның «Место силы» атты кітабының тұсаукесері өткен Абай атындағы опера және балет театрының басшысы да 670 мың теңге, дәл осы мөлшерде Le Dome мейрамханасының иесі Баян Алагөзованың күйеуінің туған күнін өткізгені үшін айыппұл төлейді.

Айыппұл төлейтіндердің арасында9 қазанда алты мыңнан аса адам жинап, пикиник өткізген «Ариал» гольф клубының басшысы да бар. Клуб иесіне 670 мың теңге, ұйымдастырған адамға 87 мың теңге айыппұл салынған.

Жақында белгілікино актері, режиссер Досхан Жолжақсынов 70 жылдық мерейтойын Svetlana мейрамханасында дүркіретіп өткізген болатын.

 

 
 
 
 
 
View this post on Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Қарагөз Сүлейменова (@karagozsuleimenova)

Той иесі карантин талаптарын сақтамай, қатысушылардың саны шектен тыс көп болған. Осыған байланысты мейрамхана иесіне 670 мың теңге айыппұл салынды.

Осы брифингте Жандарбек Бекшин жиын өткен нысан иелеріне ғана емес, ұйымдастырушыларға да айыппұл салынғанын айтты. Оның айтуынша бұл тек қала ішінде әшкере болған карантин талаптарын бұзған жайттар.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақстан кинолары Францияда

9-16 желтоқсан аралығында Қазақстандық фильмдер Францияның Париж, Страсбург, сондай-ақ Брюссель (Бельгия) мен Люксембург (Люксембург) қалаларында көрсетіледі.