//

Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны: 140 үйді, 2 әлеуметтік нысанды су басты

1607 рет қаралды

3 сәуірде Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев пен БҚО бойынша төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов облыс аумағындағы жағдай жайында брифинг өткізді

 Облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев:

Ауа температурасының жоғарылауы және қардың қарқынды еруі салдарынан Батыс Қазақстан облысы аумағында 140 үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басса, 67 ұсақ мал қырылды. Су басқан үйлерден 749 адам көшірілді, оның  215-і бала. Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы екі жолды су шайып кетті.  Ол су бір тәулік ішінде тоқтаған. Сонымен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды да су басып қалды. Дегенмен, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

5 ауданда 267 адам, 51 бірлік техника, 6 жүзу құралы, 13 мотопомпа жұмыс жасауда. Қалыптасқан жағдайға байланысты облыстың 4 ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Шамадан тыс жауын-шашын мен қатты желдің және жоғары температураның әсері автомобиль жолдарын ғана емес, облыс көлемінде қалыптасқан жағдайды күрделендірді, деген облыс әкімінің орынбасары  тұрғындарына:

– Төрт тәуліктен бері қар жылдам еріп, Бөрлі және Шыңғырлау аудандарындағы Утва өзені, Кіші өзен күрт көтеріліп жатқанын білесіздер.   Деркул мен Шаған өзендерінің суы да  арнасынан асады деген болжам бар.  Сол себепті адамдарға және үй жануарларына қауіп төндірмес үшін қолдан келген амалдың барлығын қолданыңыздар, деді. Көп жыл бойы жинаған,   қымбат мал-мүлікті сақтап қалу үшін алдын-ала қамдануды сұрады.

Оның айтуынша, жағдай қатаң бақылауға алынған, арнайы мекеме қызметкерлері қауіптің бетін қайтарумен айналысуда.  Өңірге Маңғыстау облысынан қосымша күш жеткізілген, Атырау облысынан да көмек келмек. Облыста 2 вертолет жұмыс жасап жатыр, азаматтарды құтқару үшін барлық амалдар жасалып жатыр.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ернұр Өтегенов:

31 наурыздан бастап облысымыздағы жағдай күрделі. Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында  97 үйді су басты, ондағы 637 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 305-і сол ауылда орналасқан М.Ықсанов атындағы мектепке орналастырылса, қалғандары тума-туысқандарына кеткен. Құтқару ісіне аудан және ауылдық округ әкімшілігі, төтенше жағдай бөлімдерімен қатар  Казталовка ауданында орналасқан күш-құралдар жұмылдырылды. Ауылдың қасында мұндайқауіп төндіретін өзен жоқ. Жағдай көршілес Ресей Федерациясындағы күннің қатты жылынуынан болып отыр. Жақсыбай ауылында мал шығыны бар, есеп толық жүргізіледі. Ең бастысы, су кетпей тұрғанда адамдар өмірін сақтап қалу және суды ауылдан шығару үшін жұмыстар жүргізілуде. Аудан тарапынан комиссия құрылды, келтірілген залалдың шығындарын есептеу мен әлеуметтік сұрақтар бойынша аудан әкімшілігі айналысуда.

Бөрлі ауданы бойынша кеше Утва өзені тасып, жайылымға су жайылды. Кеңтүбек ауылдық округіне қарасты ауылды да су басу қаупі төнген. Ертерек барып, ауылға бет алған судыбұрғанның арқасында ешбір үйді су баспады. Дегенмен, ол маңда су әлі де көтеріліп бара жатыр. Шыңғырлау ауданында осыдан 2-3 күн бұрын келген судың әсерінен Утва өзенінде су көтеріліп,   мөлшерінен асты. Оның алдындағы Қаратөбе, Шыңғырлау ауданын су басу қаупі сейілді. Шалғын ауылындағы су басылды. Ал Қаратөбе ауданының ішінде Қалдығайты өзені Шыңғырлау ауданынан келген судың әсерінен көбейіп, Қаратөбе ауылындағы шет жақта орналасқан екі үйдің маңын су басу қауіп төнген. Ол жерде жергілікті атқарушы органдар және Маңғыстау облысынан арнайы келген мекемелердің 14 адамы, 2 техникасы және мотопомпалары орналастырылып, қапшықтар құрып, суды басқа жаққа бұрып отыр. Одан басқа, Жәнібек ауданына Атырау облысынан келген МИ-3 тікұшағы, оның ішінде мотопомпа және қайықтары бар, 12 құтқарушы тікұшақпен сағат 13.15-те Жақсыбай ауылына ұшып кетті.

Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай оперативтік штаб келіп түскен қоңырауларды қабылдайды, сонымен қатар, 112 желісіне түскен хабарлама, қоңыраулар штабқа бағытталады. Штаб тәулік бойы ауысыммен жұмыс жасайды.Онда 4 маман – 1 медициналық қызметкер, 3 психолог бар. Мамандардың мақсаты су басу қаупі төнген аймақтардан хабарласқан адамдарға ақпараттық көмек және психологиялық қолдау көрсету. Бүгінгі күнге дейін штабқа 40 қоңырау түскен, олардың көпшілігі  су басу қаупі төнген кездеқандай шара қолдану керек екенін сұраған. Ал, басқа сұрақтарды штаб сала мамандарына жолдайды.

Эвакуациялық орындарға көшірілген су басқан ауыл тұрғындарына, балаларға қатысты облыс әкімінің орынбасары Темірхан Меңдіғалиев – облыста көп балалы отбасылар, төтенше жағдайға тап болған отбасыларға  түрлі бағыттағы көмек көрсету үшін шоттар, жинақтар жариялайтын бастамашыл адамдар тобы бар. Ал мемлекет тарабынан барлық зардап шеккен адамдарға толығымен қолдау көрсетіледі. Балалардың оқуын ұйымдастыру бойынша қабылданатын бастапқы шаралар: Шалғын ауылынан Қоскөл ауылына көшірілген балалардың оқу процесін ұйымдастыру анықталғаннан кейін, әрі қарай онлайн оқу тәртібін немесе басқа мектептерде оқыту жағдайларын қарастыратын боламыз. Төтенше жағдай комиссиясы құрылып, жұмыс жасағанға дейін киім не басқа да қажеттіліктер резервтен қарастырып, тұрғындарға қажетті көмек көрсетіледі.

Дархан Кадралиев, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы:

– Төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері мен тұрғындарға көмек көрсету үшін еріктілертобы құрылып, жұмыс  бастап кетті. Көптеген өңір тұрғындары су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай, киім-кешек не басқалай көмек көрсетуге ниет білдіріп, ұсыныс жасаған соң, жинақ жасау және ол жинақты бір жерге орналастыру үшін есепшот ашылды. Алдағы уақытта шотқа қанша қаржы түскені және қалай жұмсалатыны туралы хабарлаймыз. Себебі бұл қаражат нақты су тасқынынан зардап шеккендерге көмек үшін жиналады.

Қазіргі таңда Жәнібек ауданында қауіп жоқ. Жәнібек ауданы әкімі мен аудандық төтенше жағдай бөлімінің басшысы Жақсыбай ауылында. Адамдарға қауіп төніп тұрған жоқ. Келтірілген залалдардың шығыны алдағы уақытта есептеліп, оларды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта Жақсыбай ауылының көшірілген тұрғындары үшін барлық жағдай жасалды. Көшірудің алғашқы сәтінде әлеуметтік желідегі фотолардан көргендей әлі жағдай жасалмаған еді. Қазіргі уақытта, яғни түске таман барлық қажеттіліктері жеткізіліп, толыққанды эвакуциялық орындағы жағдай жасалды.

Анықтама үшін:

Оперативтік штаб – 55 44 88

Тегін желі – 112

Волонтерлік штаб – 8 708 704 77 78

Әділгерей Зұлхаров

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар