////

Отбасы институтын нығайту туралы заң жобасы талқыланды

2663 рет қаралды
фото: Dalanews

11 мамыр, сағат 16.30-да ZOOM платформасында онлайн форматта Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен өңірлерде «Отбасы институтын» нығайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау өтті. Талқылауға қоғамдық белсенділер, депутаттар және өңірлік ішкі саясат мамандары қатысты.

Тұрмыстық зорлыққа қарсы қабылданатын заң жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның орынбасары Тұрсынбекова Салтанат Фархатқызы «аты шулы» заң жобасы деп атады.

Шынымен «Отбасылық тұрмыстық зорлыққа қарсы» заң жобасы қоғамда екі жылдан бері наразылық тудырып, 2021 жылы Мәжіліс бұл жобаны қайтаруға мәжбүр болған. Бұл заң жобасына қатысты талқылаулар мен фейк ақпараттар әлеуметтік желі қолданушыларының ермегі болғалы қай заман. Салтанат Фархатқызының айтуы бойынша, заң жобасын халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстары қажет. Тіпті осы жолы Ұлттық комиссия, кеңінен таралып кеткен фейк ақпараттарды жоққа шығаратын релиз де дайындап, тыңдаушыларға таратып берді. Мысалы:

Фейк: Ата-аналар баланың кез-келген шағымы (донос) үшін жауапқа тартылуы мүмкін

Шындық:. ҚР заңнамасында полицияны көрінеу жалған шақыру үшін, сондай-ақ жалған анонимді қоңырау үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кез-келген хабарлама, тіпті баланың тарапынан да мұқият тексеріледі. Полиция ешқашан баланы ата-анасына жеткізгені үшін отбасынан шығармайды. Мұндай жағдайлар Қазақстанда ешқашан болған емес және жаңа заң жобасында мұндай нормалар қарастырылмаған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заң қолданыста бар қазір. Ал жаңа заң жобасына толықтыруды әзірлеген депутаттар арасында  Айдос Сарым, Ләззат Қалтаева, және Ұлттық комиссия төрайымы Ләззат Рамазанова да бар.

2022 жылғы “ҚР-дағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы” Ұлттық баяндаманың деректері бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің 55,9 пайызы әлеуметтік-экономикалық мәселеден туындайды екен. 52,8 пайыз көрсеткіш отбасындағы зиянды әдеттерден туындайды, мысалы алкогольге тәуелділік.

Ал енді тұрмыстық зорлықтан жапа шегіп, көмек сұрағандар болды ма деген сауалға, респонденттердің 58,4 пайызы ешкім көмек сұрамағаны туралы айтқан. 40 пайыз респондент көмек сұрағандар болды деп жауап берген.

Барлығы ҚР бойынша 2021 жылы ғана тек тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 468 әкімшілік іс тіркелген.

Үкіметтік емес ұйымдар атынан қатыса отырып, аталған заңнамаға енгізу үшін өз тарапымнан келесі ұсыныстарды ұсындым:

    1. Типтік үлгі бойынша штатта заңгердің бірлігін көбейту қажет;
    2. Психолог пен клиенттің (зорлық-зомбылық құрбаны қорғалуы үшін) арасында клиенттің құпиясын жарияламау туралы келісімшарт жасалуы қажет.

Онлайн талқылау барысында басқа тараптардан ұсыныс түспеді.

Жұлдыз Ақтанжанова,

Шығыс Қазақстан облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері