///

Ғадауат немесе өшпенділік тілі дегеніміз не?

2469 рет қаралды

Ғадауат тілі немесе жек көрушілік риторикасы – қарсыластарына тілдік құралдар арқылы өшпенділік таныту. Бұл құбылысқа – нәсілшілдік, ксенофобия, ұлтараздығын қоздыру, төзімсіздік, гомофобия және сексизм көріністері жатады.

А. М. Верховскийдің классификациясы:

a) Ғадауат тілінің қатаң көрінісі:

  1. Зорлық-зомбылыққа тікелей және жанама үндеу
  2. Зорлық-зомбылыққа жалпы ұрандарды пайдалану арқылы үндеу
  3. Дискриминацияға тікелей және жанама үндеу
  4. Дискриминацияға жалпы ұрандарды пайдалану арқылы үндеу
  5. Зорлық-зомбылық пен дискриминацияға жабық түрде үндеу (мәселен, зорлық-зомбылық пен дискриминацияның тарихи немесе бүгінгі тәжірибесін жағымды түрде үгіттеу).

b) Ғадауат тілінің орташа деңгейдегі көрінісі

  1. Тарихи дискриминациялық және зорлық-зомбылық үлгілерін ақтау.
  2. Жалпы халық мойындаған тарихи дискриминациялық және зорлық-зомбылық үлгілеріне күмән келтіретін публикациялар мен мәлімдемелер.
  3. Этникалық және басқа да топтардың тарихи қылмыстары жайында тұжырым жасау

c) Ғадауат тілінің жеңіл көрінісі

  1. Этникалық топтардың жағымсыз образын жасау.
  2. Этникалық топтарды кемсіту
  3. Этникалық топтардың моральдық кемшіліктерін еске салу
  4. Әлеуметтік топтарды немесе олардың өкілдерін кемсіту немесе қорлау

Өшпенділік тілі адамдарды зорлық зомбылыққа шақырады, әртүрлілікті жоққа шығарады, әлеуметтік өшпенділікті тудырады. Сөйтіп, бізді өзара байланыстырып тұрған ортақ құндылықтарымыз бен принциптерімізге қауіп төндіреді.

Бұл расизмді, ксенофобияны, мисогонизмді жылдамдатады және қауымдастықтар мен жекелеген адамдардың бойындағы адами қасиеттерге әсер етеді. Бұл біздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам құқықтары мен тұрақты даму жайындағы талпыныстарымызға нұқсан келтіреді.

Сөз қаруға айналып, адамды кәдімгідей жаралайды. Бүгінгі таңда ғадауат тілінен келген зиян өте орасан, әрі орны толмас өкінішке бастағаны белгілі. Ондай мысалдар Холокост трагедиясымен, 1994 жылы Руандада Тутсилерге қарсы геноцидке алып келгенін айтсақ жетіп жатыр.

Интернет пен әлеуметтік желі өшпенділік тілінің өршуіне өз үлесін қосты. Әсіресе COVID-19 пандемиясы кезінде этникалық азшылықтарға орай қозды. Соның бірі ксенофобия.

Ксенофобия бөтендерді сыйламау, оларға төзімсіздік, шыдамсыздық таныту, тіпті жеккөрушілік деуге болады. Яғни, өзге ұлт, нәсіл, жыныс және дін өкілдеріне деген жек көрушілік. Ксенофобия көптеген діндер мен идеологияларда көрініс тапқан, сол себепті де әлемдік жаһандану процестеріне қарамастан, дипломатиямызға қарамастан ол қанатын кеңге жая түсуде. Этносоциология ксенофобияны өзге діндегі, өзге мәдениетті, сенімді ұстанатын, өзге ұлт өкілдеріне деген қорқыныш, үрей сезімін, жеккөрушілік, төзімсіздік ретінде айқындаған. Мәселен: русофобия – орыстарға деген жеккөрушілік,   антисемитизм – еврейлерге деген жеккөрушілік). (25, 9) Белгілі философ С. Штембергтің анықтамасы бойынша: ксенофобия – адамзат тарихындағы адам айтса нанғысыз әрі ессіз қанды шиеленістердің негізгі психологиялық қозғаушы күші». (26) Ол – діни, ұлтаралық соғыстардың, геноцидтердің, этникалық тазалаулардың психологиялық механизмі.

Ксенофобия – қоғамды бөлшектеуде басқарылуы мүмкін емес реакциямен өрістейді. Оны тұтандыру оңай, тоқтату қиын. Қазақстан заңнамасы сөз бостандығына кепіл бере отырып, криминальды ксенофобияға тыйым салады.

Криминальды ксенофобия қандай кезде білінеді:

  1. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздық немесе бөлшектеуді тұтандыру;
  2. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздық немесе бөлшектеуді тудыру;
  3. Ұлттық намыс пен қадыр-қасиетті және азаматтардың діни сезімін қорлау;
  4. Әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық артықшылықты дәріптеу;
  5. Әлеуметтік шығу тегіне орай, лауазымдық және мүліктік иелігіне орай, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатыстылығына және сеніміне орай дискриминация жасау

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі