//

Тағы бір сарбаз қайтыс болды

1921 рет қаралды

“3-маусымда таңғы сағат 5-тер шамасында Маңғыстау облысы, Бейнеу шекара қызметінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Тешебаев Еділ Бақытұлы (20.03.2003) “асылып қалған”

Бұл жазбаны желі қолданушысы Бегабат Ұзақов жариялады. Қоғам белсенділері бұл жазбаны жарыса бөлісіп, әділдікті талап етіп жатыр. Әзірге ресми комментарий пайда болған жоқ.

Желі қолданушысының айтуы бойынша:

“Әскери бөлімдегілер марқұмның Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында тұратын отбасына екі түрлі хабар айтқан: алғашында “аяқ киімінің бауына асылып қалған” десе, кейін ” белбеуіне асылып қалған” деген. Тағы бір таңданарлық жайт, әскери бөлім тарапынан марқұм жазып кеткен деп түрлі жазбалар жіберіліп жатыр екен. Жазбаларда көрсетілген уақыт дұрыс көрсетілмеген. Жазу да марқұмға тиесілі емес көрінеді.
Марқұм кеше кеште таныстарынан, туыстарынан ақша сұраған”… деген ол:
“Айдың-күннің аманында тағы бір боздақ қыршын кетті, тағы бір отбасы қара жамылды. Қазақстан әскеріндегі қайғылы жағдайлар қашан тоқтайды? Жоғары шенді әскерилер Армияны бақылаудың орнына, жалған құжат жасап, айыбын жуып -шаюмен айналысып кеткен бе? Бұл оқиғаның ақиқатын кім анықтайды?” деп налиды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар