///

Баспанам жоқ, бірақ баспанасы жоқтардың кезегіне тұра алмаймын дейді көп балалы ана

3799 рет қаралды
фото: Азаттық Көрнекі сурет

Орал қаласында тұратын  Гүлназ Асқарқызы (46 жаста) көп балалы ана. Ол биыл алтыншы баласын дүниеге әкелді.

 Осы жасқа келгенше бұл отбасының басында пәтер жоқ.  Қалалы жерде көп баламен үй жалдау да оңай емес. Гүлназдың айтуынша пәтерін жалға берушілер тіпті хабарландырудың өзіне «баласы барлар мазаламасын» деп жазып қояды екен. Гүлназ мемлекеттік жеңілдікпен үй ала алмайды. Оның себебін алда баяндайтын боламыз. Бірақ Гүлназдың көп балалы отбасыларға арналған арнайы  үй жалдап тұру бағдарламасы болса деген арманы бар. Ол үнемі жағдайы төмен топтарға арналған пәтер туралы бағдарламаның хабарын күтумен жүр.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаевқа микро және шағын кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтары үшін пәтер жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тетігін енгізу жөніндегі холдингтің биылғы жылға арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

  Марат пен Гүлназдың тұңғышы-Лаура  23 жаста. Бірақ денсаулығы нашар,  қазір еңбекке жарамсыз. Кейде оған арналған қымбат дәрілерді сатып алудың өзі мұң. Бес айлық баланы әлсіз Лаураның қолына ұстатып, дәрі-дәрмекке ақша тауып келу үшін Гүлназ кейде кафе мен ресторандардың еденін жууға барып келеді. Лаурадан кейінгі қызы енді ғана еңбекке араласып жүр. Ришат деген ұлдары студент. Одан кейінгі екі бала мектеп жасында. Биылғы қымбатшылық  та уайым болды. Гүлназ әлі балаларын мектепке дайындаған жоқ. Отағасы Марат айына 80 мың теңге айлық алады. Бұл табыстың дені пәтерақыға кетеді.  Екі бала кәмелеттік жасқа толғандықтан, Гүлназ төрт балаға ғана жәрдемақы алады.

Яғни екі үлкен баланың біреуі 23 жасқа толып, ЖОО бітірген. Екінші қыз – Айгерім де кәмелеттік жасқа толған.

Гүлназдың алтыншы баласы – Аяла  қазір  бес айлық қана. Аяла  бір жасқа толғанша бұл отбасына әлеуметтік жәрдемақы беріледі.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ер адамдарға төленетін баланың бір жасқа толғанға  дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері бекітілген және:

  • бірінші балаға – 5,76 АЕК* (әр ай сайын);
  • екінші балаға – 6,81 АЕК (әр ай сайын);
  • үшінші балаға – 7,85 АЕК (әр ай сайын);
  • төрінші және одан көп балаға – 8,90 АЕК (әр ай сайын).

* 2022 жылы АЕК 3 180 теңгені құрайды.

Бес айлық Аяла үшін бұл отбасы ай сайын 28302 (жиырма сегіз мың үш жүз екі) теңге алады.  Бұл қаражат енді 7 айдан кейін тоқтайды.

Марат пен Гүлназдың Батыс Қазақстан облысындағы Бөрілі ауданының  Ақсай қаласында өздері салған үйі болған. Алайда олардың үлкен қызы Лаураның өкпесі ауырғандықтан, бұл отбасы Орал қаласына көшеді. Ақсайдағы үйді жылдамырақ, арзан бағаға сатады. Қала тұрмысына бірден үйреніп кете алмай, жұмыс табылмай қойған соң, Марат банктен несие алады. Туберкулезге қарсы диспансерде жылдап ем қабылдаған тұңғыш баланың қазір өкпесі жазылғанымен, ауыр дәрі- дәрмектерден бауыры зақымданған.  Иә,  туберкулезден емделуге арналған ем-шаралар мен дәрі дәрмектер біздің елде тегін. Бірақ өкпені емдеп, бауырды зақымдап алған Лаура қазір тым әлсіз. Жұмысқа жарамсыз дейтініміз де содан. Марат пен Гүлназдың  бұрын ауылда өз аттарына тіркелген үйі болғандықтан (сатылып кетсе де), қазір олар пәтер кезегіне де тұра алмайды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер:

  • коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса;

                                                                                                                                                   egov.kz

Кезекке тұрмақ болып құжат жинаса, электронды egov.kz отбасының бір кезде атында үй болғандығын көрсетеді екен. Тұңғышын туберкулезден айықтырып, одан кейінгі екеуіне жоғары білім берсек, қаланың мүмкіндігін пайдалансақ деген отбасы төрт құбыланың қай жағына қарап үміттенерін білмейді. Қарыз қысып, қымбатшылық та қажытып жіберді.

Ләззат Қожаахметова:

– Басында баспанасы бар болса да, мемлекеттен жеңілдікпен пәтер алғысы келіп, сатып жіберетіндер болған. Осының алдын алу үшін, үй сатылғаннан кейін мемлекет бес жылдан соң ғана кезекке тұру тәртібін енгізген. Сондықтан үй кезегіне тұра алмайды. Бірақ бұл отбасының мектептен атаулы әлеуметтік көмек алатын мүмкіндігі бар. Бұрын бұл көмек: киім, дәптер, қалам түрінде берілетін. Биыл ақшалай шотқа түседі. Сондықтан мектептің әлеуметтік педагогына табысы мен банк шотының нөмірі бар құжат апарып, өтініш жазуы керек. Марат пен Гүлназдың оқиғасы оқырманды таңғалдыратын шығар, бірақ осындай жағдайға тап болған жанұялар өте көп. Қымбатшылық күн сайын ондай отбасыларды қыспаққа алып жатыр. Кейде дағдарыс аяқталғанша ауылға барып тұрсаңыз қалай болады деген кеңес те берем. Себебі жаңа жылдан бастап коммуналдық төлемдер қымбаттайды. Президенттің 180 күнге жарияланған мораториі күшін жояды.

Айнұр Төлеу

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі