///

“Рухани жаңғыру” ҚазЦИНК жекеменшік фирмасын Т12,5 млн теңгеге жарнамаламақ

2669 рет қаралды
Біраз уақыттан бері атын Қазақстанның қоғамдық даму институтына алмастырған “Рухани жаңғыру” институты Т12,5 млн теңгеге  мультфильм түсіруге конкурс жариялаған. Сөйтіп, мемлекеттің есебінен “КазЦинк”жекеменшік компаниясын жарнамаламақ деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі

Тапсырыс беруші “Рухани жаңғыру” Қазақстандық қоғамдық даму институты”; жасалатын жұмыс – «Экологиялық мәдениет туралы мультфильмдер мен анимациялық роликтер шығару» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар кешені (қатаң түрде техникалық ерекшелікке сәйкес);  жоспарланған қаржы – Т12,5 млн», – делінген лот сипаттамасында. Лот мемлекеттік сатып алулар порталында 23 қыркүйекте салынған.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш 30 қыркүйектен 21 қазан аралығында қабылданады.

Техникалық ерекшелікке орай, конкурс жеңімпазы “Ruh.kz  порталының интернет платформаларында және әлеуметтік желілерінде тарату үшін анимациялық роликтер дайындауы тиіс”.

“Әрбір ролик “Қазақстан қоғамдық даму институты ҰАҚ және «Казцинк» ЖШС  тапсырысымен дайындалды” деген логотип және жазумен аяқталуы тис делінген техникалық ерекшелікте.

Айта кетер факт, интернеттенгі ашық деректер “ҚазЦинк” швейцарлық Glencore International AG компаниясы бақылайды және компанияның 51% акциясы тиесілі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар