///

“Қазақтан” басталған көш: 110 жылдық тарихы бар қазақ баспасөзінің келешегі қалай?

1084 рет қаралды

«Qazaq Media Association» ЗТжЖКБ ұйымдастыруымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналған «Қазақ» газеті және ұлттық баспасөз» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынды «Qazaq Media Ассоциациясы» төрағасының орынбасары Өміржан Әбдіхалық басқарды. Жиынға жиналған 40-қа жуық журналист, ғалымдар, зерттеушілердің арасынантарихшы, ғалым Светлана Смагулова, белгілі журналист Серік Жанболат, “Қазақ газеттері” ЖШС Алматы филиалының директоры Думан Анаш, белгілі журналист Ертай Айғалиұлы, «Alatau media» ЖШС бас директоры Ержан Төлек, Adyrna.kz бас редакторы Арман Әубәкір, “Қазақ” газетінің бас редакторы Жасұлан Мәуленұлы, “Жас алаш” газетінің бас редакторыАлмас Нүсіп, “Заң” газетінің бас редакторы Айнұр Сембаевалар пікір білдірді.

Дөңгелек үстел «Қазақ» газетінің 110 жылдығына арналғандықтан алғашқы сөзді тарихшы, ғалым Светлана Смағұлова алып, «Қазақ» газетінің ұлтымызға сіңірген еңбегі мол екенін, тек ғана мерей тойда ғана еске алынып, қалып жатқанына ренішін білдіре, «Қазақ» газетінің 264 емес, 266 саны жарық көргенін қазіргі таңда бастапқы 3 жылдық жинағы ғана басылып шыққанын, ал соңғы 3 жылдық жинағының архивте тұрғанын, басып шығаруға ешкімнің қызығушылық танытпағанына өкінішін танытып, ондағы материалдардың БАҚ беттерінде ешқандай ескертусіз, сілтемесіз, иесіз күйде жаряланып жатқанына жүрегі ауыратынын айтып, көңіл бөлуді сұрады.

Одан кейінгі сөзді “Қазақ газеттері” ЖШС Алматы филиалының директоры Думан Анаш алып ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің құттықтау хатын оқып берді.

Белгілі журналист Серік Жанболат «бұл жиынның әлемде дала соғысымен қатар ақпараттық соғыс қатар жүріп жатқан заманда, Қазақ қоғамына керек бас қосу болғанын айта келе, еліміздің телевидение және баспасөз журналистері идеологияны меңгере алмай отырғанын өкінішпен айта келіп, жұрттың ақпарат көздеріне айналған TikTok, Telegram каналдары халықты сендіру үшін ақпаратты газет, журналдан алатынын, баспасөздің әліде өміршең күшке ие екенін айтты».

«Жас алаш» газетінің бас редакторы Алмас Нүсіп қазіргі қазақ журналистикасын тәуелсіз деп айтуға келмейтініне тоқталды. «Бәрі қаржылық жағдайға кеп тіреледі. Тиражы өзін ақтаса, сол кезде ғана газет толық тәуелсіз. Өкінішке қарай, қазір олай емес. Газет – архив үшін керек. Зерттеу жүргізумен айналысатын басылым жоқтың қасы. Ең алдымен, таралым, ақша табу мәселесін қарастыру керек».

«Бүгін жарық көріп жатқан басылымдар – «Қазақ» газетінің мұрагерлері. Қай кезде де мерзімді баспасөз керек. Биыл ақпараттық доктрина қабылданды. «Масс медиа» туралы заң жобасы қаралып жатыр. Қазір қазақ басылымдарының жағдайы мәз емес. Жазылу мәселесін айтып келеміз. Бағасы сол күйі, бірақ баспахана қызметі, жеткізу құны қымбаттап кетті. Бірақ басылымға жазылу құны өзгерген жоқ. Бұрынғыдай емес, баспасөзге жарнама беру де азайып кетті. Яғни, біз табысқа емес, шығысқа жұмыс істеп келеміз. Заман талабына сай, әлеуметтік желідегі арналарымызды дамытуға күш салып жатырмыз», – деп атап өтті Думан Анаш

Жиынға қатысқан «Қазақ» газетінің бас редакторы Жасұлан Мәуленұлы «Қазақ» газетінің 1916, 1917, 1918 жылдары кітап болып шықпаған нөмірлерінің алдағы уақытта тұтас жинаққа енгізіліп, кітап болып шығатыны туралы сүйінші хабарды жеткізді.

Qazaq Media Association 25 қазақтілді сайттың басын қосқан медиа саласындағы қоғамдық ұйым. Алдағы уақытта медианың беделін, қаржылық әлеуетін көтеруге бағытталған бірнеше жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Ал алғашқы шарасын “Қазақ” газетінің 110 жылдығына арнаудан бастауының өзіндік мәні бар.

Ерзат Мусират, Алматы қаласы 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі