///

Қызмет барысында дрон қолданған Газа журналистері Израиль шабуылынан мерт болды

955 рет қаралды
Photo: Loay Ayyoub for The Washington Post/AP)

7 қаңтарда Израиль әскерилері Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнис маңында төрт палестиналық журналистпен бірге көлікке зымыран соққысын жасады, деп хабарлайды The Washington Post редакциясы.

Әл-Жазира (ағылш. Al Jazeera — штаб-пәтері Катар астанасы Дохада орналасқан халықаралық телекомпания) экипажының екі мүшесі — 27 жастағы Хамза Дахдух және 30 жастағы дрон операторы Мұстафа Турая-жүргізушісімен бірге мерт болды.  Штаттан тыс екі журналист ауыр жарақат алды.

Олар ғимараттың бұған дейін Израильдің соққыға ұшыраған бөлігін дронға түсіріп келе жатқан еді. Дрон — Best Buy-да қолданыстағы модельі Израильдің кезекті соққысының нысаны болды.

Израиль қорғаныс армиясы келесі күні жасаған хабарламасында 

“ЦАХАЛ (Израильдің қорғаныс күші) әскерлеріне қауіп төндіретін ұшақты басқарған террористті анықтап, оған соққы берілді” деп мәлімдеді. 

Екі күннен кейін әскерилер екі адамның да содырлар тобына жататындығы туралы дәлелдер тапқанын жариялады — Турая ХАМАС пен Дахдух Палестина исламдық жиһадына, оның Газадағы кіші қарсыласы — және шабуыл “тікелей” қауіпті нысанға жауап ретінде жасалды делінген.

(ХАМАС – «Харакат аль-Мукавама аль-Исламия» атты палестиналық ислам қозғалысы. ХАМАС-тың билігіндегі аймақтар: Газа секторы және Иордан өзенінің батыс жағалауы. ХАМАС-ты Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуроодақ, Израиль, Жапон, Иордания, Мысыр және АҚШ мемлекеттері террористік ұйым деп таныды.)

The Washington Post оқиға орнынан табылған Турая дрондарына түсірілген бейнежазбаны қараған. Сол күні түсірілген The post кадрларында израильдік сарбаздар, ұшақтар немесе басқа әскери техникалар байқалмаған. Бұдан журналистер неге нысанаға айналды деген орынды сұрақ туындайды. Әріптес репортерлер де аталмыш ауданда әскерлердің қозғалысы туралы білмегенін айтты.

14 куәгер мен қайтыс болған тілші әріптестерінен сұхбат алынған. The Post редакциясы журналистердің өз қызметін атқарғанын және басқа іс-әрекетке бармағанын анықтаған. Соғыс барысында екі БАҚ өкілі де Израильдің бақылау пунктінен оңтүстікке қарай өткен; жақында Дахдухқа Газадан кетуге рұқсат берілген, ал бұл сирек кездесетін артықшылық, оны белгілі жауынгерге беру екіталай еді.

ЦАХАЛ The Post басылымының қалған сұрақтарына “бізде басқа ештеңе жоқ”, – деп жауап берген.

Бұған дейін Газаның күйін түсіру үшін дрон ұшырып, ЦАХАЛ шабуылына ұшыраған басқа журналистер болмаған. 

Жергілікті журналистер The Post газетіне берген сұхбатында ЦАХАЛ дрондарға қатысты ресми нұсқау бермегенін айтты. 

Әл-Жазира өз мәлімдемесінде “Мұстафа мен Хамзаны өлтіруді” айыптап, “осы қылмыстарды жасаған адамдарды қудалау үшін барлық заңды шараларды қабылдаймыз” деп уәде берді.

Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, Газада тоқсан журналист және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері бес айда қаза тапқан. Бұл топ 1992 жылдан бергі дерекке сәйкес тілшілер үшін ең қауіпті кезең.

“Болған оқиға үшін ЦАХАЛ тергелуі керек”, – деді, БҰҰ-ның ой бостандығы мен еркін сөз құқығын көтермелеу және қорғау жөніндегі арнайы баяндамашысы Ирен Хан. “Біз олардан күдіктеніп өлтіре салдық деп айту жеткіліксіз”, – деді ол. “Соғыс жағдайында олай айту өте оңай”.

Хамза Дахдух, сол жақта, інісі Махмудпен бірге. Інісі де жау соққысынан қаза тапты. (Отбасылық сурет)

Хамза Дахдух — Ваэль Дахдух есімді Газадағы Әл-Жазира бюросының жетекшісінің ұлы. Әкесінің айтуынша, Хамза қақтығыс кезінде Газадағы Әл-Жазира бюросына қосылып, оператордың көмекшісі және жергілікті жерде продюсер болып жұмыс істеген.

Мұстафа Турая фрилансер болды және бірнеше ақпарат агенттіктеріне дрон аппараттарының фотосуреттері мен бейнежазбаларын ұсынды

Мұстафа Турая — Әл-Жазира, сондай-ақ Agence France-Presse, Reuters және Getty Images үшін фотосуреттер мен кадрларды ұсынатын танымал фрилансер фотограф болды. Журналист Шади али-Табатабайдың айтуынша, ол осы уақытқа дейін бес жыл бойы ХАМАС басқаратын газа Үкіметінің құрамына кіретін діни қайырымдылық министрлігінде фотограф болып жұмыс істеген. 

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жыл 7 қазан күні «Supernova» фестивалінің барысында ХАМАС әскері Израильге басып кірді. Бұған дейін де шиеленіскен Палестина Израиль саяси жағдайы 2023 жылы ушыға түсті.

Халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына сәйкес соғыс алаңында журналистер “бейбіт тұрғындар” болып саналады және “заңды” әскери нысан емес. Дәрігерлер секілді БАҚ өкілдері бейтарап қызмет атқарады. 

Парақшамызға жазылыңыз

Albina

Альбина Булатова

«Мінбер» ақпарат агенттігі ұйымдастырған «Азаматтық журналистер» жобасының 2023 жылғы түлегі

SDU University Журналистика мектебінің 1 курс студенті

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі