Онлайн медициналық кітапша кімдерге беріледі?

859 рет қаралды

Қазақстанда жұмысқа орналасу үшін қажетті медициналық кітапшаны енді онлайн алуға болады. ҚР Денсаулық сақтау министірлігі 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық кітапшаның электронды нұсқасын енгізді. Азаматтар оны HR Enbek порталы арқылы пайдалана алады.

Электрондық кітапша 15 түрлі сала қызметкерлері үшін қолжетімді. Олардың қатарына:

  • Қоғамдық тамақтану мекемелерінің жұмысшылары,
  • Дәріхана қызметкерлері,
  • Санаторий мен емдеу орындарының мамандары,
  • Қызмет көрсету саласында жұмыс істейтіндер және медицина қызметкерлері кіреді. Бұл санаттағы адамдар жылына бір немесе алты айда бір рет медициналық тексеруден өтіп отыруы керек.

Жүйені қалай пайдалануға болады? Еңбек министрлігі жазды

Жеке медициналық кітапшаға HR Enbek платформасындағы «Қызметкердің жеке ісі» бөлімінен кіруге болады. Азаматтар «Жеке медициналық кітапшалар» тарауына кіріп, құжатқа өтініш бере алады. Медициналық кітапша дайын болған кезде өтініш иесіне 1414 нөмірінен SMS хабарлама жіберіледі. Құжатқа жұмыс берушілер де қызметкердің рұқсатымен қол жеткізе алады. Электрондық құжатқа рұқсат беру SMS-хабарлама немесе ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүзеге асырылады. Бұл үдеріс Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі әзірлеген жүйемен бақыланады.

Жұмыс берушілерге қандай мүмкіндік бар?

Кадрлық ақпараттық жүйелері бар мекемелер Smart Bridge платформасы арқылы «Қызметкердің жеке ісі» сервисіне тегін қосыла алады. Бұл қызмет жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды жинау үдерісін жеңілдетеді.

 Дайындаған: Жадыра Әділбекқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.