Фото: venturebeat.com/ai
2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық қызметтерге салық – «Google салығы» енгізілген.
2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі. Бұл туралы мемлекеттік кіріс комитеті хабарлады.
ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие:
- сұрақтар мен өтініштерді түсіну;
- мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру;
- аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.
ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.
Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді.
Динара Насыр
Парақшамызға жазылыңыз