///

Ораз Қауғабай: Тәңірқұттың құдіреті

296 рет қаралды

Жетінші ықылым Түркістан 

Ұлы Мұхаң (М.Мағауин – ред.) қоластында тоғыз жыл қызмет істедім. Мұхаңның ағалық ақыл кеңесі өз алдына шапағаты тиді. Шығармашылық еңбегімді бағалап, бағасын берді. “Жұлдыз” журналына менің жазғандарым тоқтаусыз жарияланды. Әсіресе, “Түркістан қалай түрленеді” атты журналдың бірнеше номеріне жарияланған мақалам “Түркістан-1500” халықаралық шығармашылық конкурсында әділ бағаланып, қазылар алқасы авторды жүлдегер деп танып, ақпарат құралдарында жариялады. Сыйлықты маған Түркістан қаласында Мұхаңның өзі тапсырды. 2000 жылы қазан айында.

Түркістан жайындағы о бастағы және кейін жазған эссе зерттеулерімде ежелгі ханорда, Есімханың кесенесі тұрған шаһар түркі дүниесінің орталығы болып, жеке Түркістан облысы құрылуы қажет деп ойымды түйіндеймін. Түркістан түркі әлемі үшін бірінші Мекке деп ұсыныс айтамын. Осылай деп жазып жүргенімді Мұхаң қолдап, риза болды. 2018 жылы Түркістан облыс орталығы атанып, соңынде ерекше мәртебеге ие болғанда Тәңірқұт Мұхаң қуанды. Өйтені ол кісінің қазақ хандары, билері, әулие абыздары жатқан жерге Тәңірдей табынатыны белгілі ғой. Түркістанға келген бұрынғы бір сапарында аруақтарға қалай тәу ететінін бір қаламгер естелігінде жазды. Ұлы Мұхаңның қасиетті қалада маған жүлдегер куәлігін тапсыруы, батасын беруі таңғажайыпты елестеді. Өйткені Мұхаңның өзі таңғажайып адам ғой.

Сәуегейлік сыры

Мұхаңның өмір мен шығармашылығы жөнінде тоқтаусыз жазылып келеді. Оншақты жыл бір жерде бірге жұмыс істегендіктен мен ерен еңбегі өзалдына бойына Құдай дарытқан қасиетті, кемеңгерлікті, сәуегейлікті, тылсым күштерді жаздым. Жазғандарымды оқыған Мұхаң ешкім айтпаған, жаза алмаған, менің бойымдағы Тәңір тылсымын сен қалай жаздың деп күлімсірегені есімде. Алдын болжайтын әулиелерге тән қасиет бала күнінен белгілі болған. Мектепте оқып жүргенде ұстаздары болашақта кім боласың деп сұрағанда “жазушы боламын” деп жауап беретіні бар. Кейін атақты қаламгер атанды. Аспирантурада оқып жүргенде “Жұлдыз” журналына редактор боламын деп арада біраз жыл өткенде басылымға бас редактор болып келгені сәуегей сұңғыла екенін дәлелдейді. Атасы ғұлама Халифа Алтайдың сексен жасқа келіп, дүниеден озатындар Алланың нығыметіне бөлінеді деп айтқаны бар. Сайыпқыран сәуегей, сурекер, сексеннің сеңгіріне шығып, ежелігі үндіс-түркілердің аты жұртында о дүниеге аттанды. Жаназа рәсімі жер жаһанға кетті. Алпыстан аман есен өтсем тағы біраз жыл өмір сүріп, ана жаққа аттанамын деуші еді абыз аға. Айтқаны айдай келді. 2000- жылы алпыстан асып, 2025 жылы Алланың ақ бұйырық ажалы келіп, Америкада о дүниеге аттанды. Тұрған жерінің атауын Күмісбұлақ деп жазғанына қарағанда жер-су киесі аян бергендей.

Кеңістікте керейлер көші

Кезінде керейлер жершарын айналып көшіп, Үндістанға келгенде көш жылнамашысы Халифа Алтай енді Америкаға кету жөнінде әңгіме болғанын естелігінде жазады. Белгілі себептермен көш мұхит аспайды, Алтайдан ауған Алтай қазақтары неге Американы көкседі? Хантәңірі қазақтары “Америка бай ел, жесір қатын мың қой айдайды” деген тәмсілді мен бала кезімде көп естігем. Албандар “әміркен арпа” егетін бұрынан. “Манас” жырында “Албан күлік” арғымақтардың тұяғы тимеген жершарында жер жоқ дейтін меңзеу бар.

Әділ Ахметтің әлемдік ұлы көш жөніндегі тылсым зерттеуінде адамзат көшіп жүрген. Ежелгі салт қазақтарда түрленіп сақталды. Күні бүгінге дейін көш тоқтаған жоқ. Қазір Америкаға біраз қазақтың көшіп кеткені белгілі.

Үндіс -түркі жұрты

Кескін келбеттері, мінген аттары, ержүректік қасиеттері, үйшік баспаналары қазақтардан айнымайтын үндістер қазақты жатырқамаса керек. Антиядролық Невада-Семей қозғалысының бір халықаралық конгресіне Америкадан келген дін өкілі үндістің Тәңірге жалынып, Жаратқаннан тыныштық тілегені менің көз алдымда тұр. Қозғалыс нышанында қазақ пен үндіс суреті текке берілмеген. Атом жарылыстарына қарсы күрес өзалдына ұлттық, туыстық жақындық сезіледі. Тарихты айта келгенде Тәңірқұт Мұхтар Ақылман абызды пәлен мың жыл өткен ата-бабаларының рухы осында әкелді. Өйткені мені аруақ айдап жүреді дейтін еді марқұм.

Түркі-керейлер келген жер

1994 жылы мен Америкада болып, Мұхаңның атажұртындағы Семей полигонының қасіреті жөнінде БҰҰ-ҒА петиция тапсырған, бастарын бәйгеге тігіп барған жеті еріктінің бірі едім.

Нью-Йоркте руы керей, Мұхаңның туысы Әбдуахиттың үйі жорық штабының пәтері болды. Үйінде жеті күн жаттық. Тарихты жақсы білетін ол Америка ежелгі үнді-түркілердің байырғы атажұрты екенін айтты. Мұны жер-су атаулары арқылы дәлелдеді. Мысалы, Манхэттен қазақтың мал қора деген, Атцел ат су ішкен деген сөздерінен шыққан дегенде бұған қайран қалғам. Тілдік ұйқастың аржағында шындық жатқан болар. Белгілі ғалым Америкада біраз жыл болған Әділ Ахметов үрдістердің Алтай тауынан, яғни ежелгі керейлердің атажұртынан ауып барғанын ғылыми түрде дәлелдеп жазды. Әдекең Мұхаң қайтыс болғанда қатты қайғырып, тіпті жоқтау жыр жазды, жаңылмасам.

Аруаққа табынатын Мұхаңды  осындағы үндіс-түркілердің рухы айдап келгенінде дау жоқ. Аруах -Тәңір біздің рух қуатымыз ғой.Мұхаң Тәңір тылсымы арқылы сыртқа білдірмей ғайып күштермен тілдесетініне талай куә болғам.

Мұхтар мен Мұқағали

Мұхаң Тәңіртау-Хантәңірінің мұзбалағы, ақындығы өзалдына тылсым әлемді көретін Мұқағалимен жақсы қарым-қатынаста болды. Мұқағали да Мұқаң сияқты өмірден өтетінін алдынала айтып кеткен.

Атақты Дантенің о дүние жайында жазған “Құдіретті комедиясын” аударған Мұқағали бойында тылсым күш болмаса әлемге әйгілі шығарманы қазақшаламас еді. Кітап шыққанда баспа директоры Мұхтарды Мұқағали қонаққа шақырады.

Екі мыңыншы жылдары Мұхаңды Мұқағалидың еліне тарихи жер-суларды көрсетіп, шығармасына дерек, оқиға жыйнау үшін Қарқараға әкелдім. Бұл жайында жазылғандықтан қайталаудың қажеті жоқ. Абылай хан шыққан Көктөбеге көтеріліп, Хантәңірі жаққа қарап, Тәңір тылсымына еніп кеткені есімде қалды. Есім хан жоңғарларға жойқын соққы берген «Сантас асуын” сыртынан көріп, көңілі көкке жетіп, бұл баһадұр туралы тебірене сөйлегені бар.

Осы сапардан кейін көп өтпей “Қыпшақ аруы” тылсым кітабы жөнінде ақпарат құралдарында хабар, әңгіме, сұхбат жиі жарияланып жатты. Менің де бір басылымға жазғаным шықты. Жаздым деп өзіне айтқан жоқ едім. Бір -екі күннен кейін Таласбек Әсемқұловқа “Ораз менің бойымдағы ешкім аңғара бермейтін тұңғиық тылсымды жазыпты” деп кеңседе күлімсіреп, өте көңілді болды. Неге екенін білмеймін мені көргенде күлімсіреп, көтеріңкі көңіл-күйде болатын.

Шыңғысхан академиясының құттықтауы

Жазушылар Одағына мен сағат онекіде келе жатамын. Мұқаң есіктен шығып, маған қарап, күлімсіреп, жүзі нұрланып, жүздеседі. Мен де күліп, амандасамын. Тіл қатып, сөйлеспейміз. Бұл кез “Қыпшақ аруы” оқырманды баураған, Мұхаңның әлемдік Шыңғысхан,академиясына мүше болған кез еді.

Бірде жұмысқа ерте келіп, қолжазба оқуға кіріскем. Хат тасушы кіріп келіп, бір қағазға қол қойдырып, шығып кетті. Берген нәрсесін ашып қалсам телеграммаға тіркелген құжат. Онда Мұхаңның әлемдік Шыңғысқан академиясына мүше болғаны жөнінде жазылған хат-хабарды оқып, қуанышымда шек болған жоқ. Беріп құттықтадым ба ол жағы есімде емес. Сол күні таңертең менен басқа ешкім ерте келген жоқ еді.

Сонау Моңғолиядан Шыңғысхан аруағын аунатып, Мұхаңның ұлы тұлға екенін әлемге паш еткен бұл хат хабар, құттықтау мәтіні жадымда жатталып қалды.

Ораз Қауғабай, қонаевтанушы. 20. 01.20 25ж.

Ескерту: Индеец мен қазақ суреті Kun.uz-дан алынды

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар