///

Жазылған жайдың жаңғырығы: Тұздыбастау көшелері жөнделе бастады

92 рет қаралды

“Мінбер” сайтында “Тұздыбастаудағы жол мәселесі: 2019 жылғы уәде қайда қалды?” деген мақала жарияланған еді. Онда 2019 жылы берілген уәденің әлі жүзеге аспағанын, тұрғындар шұрқ тесік, ми батпағы шыққан көшелердің жөнделмегенін айтып шағымданған болатын. Сол мақалада ауыл әкімі көшелердің жөнделуін өзі қадағалайтынын айтып еді. Сең қозғалыпты, көшелерге асфальт төселе бастапты.

Базарбай көшесіне асфальт төселді

   Тұздыбастау ауылындағы жолдардың сапасы ұзақ жылдар бойы жергілікті тұрғындардың басты мәселелерінің бірі болып келеді. Атап айтқанда, Базарбай және Бокин көшелерінің жағдайы тұрғындардың күнделікті өміріне қиындықтар туғызды. Бұл екі көшенің жолдары шұрық – тесік, батпаққа толы болатын. Әкім Толымбеков Шыңғыс Ермахаметұлы бұл жағдайды көріп, тұрғындардың өтініштерін ескеріп, мәселені назардан тыс қалдырмады.

 Тұрғындардың бірнеше рет жол жөндеу жайында жіберілген өтініштері ескеріліп, әкім Базарбай көшесіне жол төсеу жұмыстарын қолға алды. Бұрын бұл көше шұрық – тесік, ойдым – ойдым, батпаққа толы болған еді. Алайда  қазіргі уақытта Базарбай көшесіне сапалы, тегіс жол төселіп, көлік пен жаяу жүргіншілер үшін әлдеқайда ыңғайлы болды. Тұрғындар бұл жаңалыққа қуанып, Тұздыбастау әкімі Шыңғыс Ермахаметұлы Толымбеков мырзаға алғыс білдіруде.

Тағы бір жағымды жаңалық – бұл тек біздің Базарбай көшесіне төселген жол емес, сондай-ақ ауылдағы барлық Базарбай атауын иеленген көшелерге де жол төселгені. Әкімдік, Тұздыбастау ауылындағы барлық Базарбай атауын иеленген көшелерді назардан тыс қалдырмай, олардың да жолдарын жаңартып, жол төсеу жұмыстарын жүргізді. Бұл ауылдағы тұрғындар үшін үлкен жаңалық болды, себебі бұрын бұл көшелерде де жол сапасы төмен еді.

Бокин көшесі: осы жылдың күзінде тас төселіп, келесі жылы жол төселеді

   Алайда Бокин көшесіне әлі жол төселмеді, бұл көше өз кезегін күтуде. Көшедегі жолдың болмауы тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып, ары бері өткен көліктер жолдағы шаң тозаңның көтерілуіне себеп болып отыр. Бірақ ауыл әкімі айтуынша, биылғы жылдың күзінде Бокин көшесіне тас төсеу жұмыстары жоспарланып отыр. Ал 2026 жылы толыққанда жол төселмек.

   Тұрғындар бұл жаңалықты түсіністікпен қабылдағанымен, Бокин көшесіндегі жол мәселесін тезірек шешуді сұрайды.

  Жол мәселесінің біртіндеп шешілуі үлкен қадам

   Базарбай көшелеріне жол төселуі –  Тұздыбастаудағы жол сапасын жақсартудыға жасалған нық қадам. Ауыл әкімі Шыңғыс Ермахаметұлы Толымбеков әр көшедегі тұрғындардың наразылығын ескере отырып, сапалы қызмет көрсетуде. Жол сапасының жақсаруы тұрғындардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, билікке деген сенімділікті арттыруда. Тұрғындар алдағы уақытта Бокин көшелеріне де сапалы жол төселетініне үміт артып, әкімдікке сенім білдіріп отыр.

Аружан Мәсімбай, 

Алматы облысы, Талғар ауданы

Тұздыбастау ауылы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар