Қазақстан Қытайға киік популяциясын қалпына келтіру үшін 1,5 мың киік бермек.
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев киік популяциясын көрші елде қалпына келтіру мақсатында 1,5 мың киікті Қытайдың батыс бөлігіне сыйға тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Өз кезегінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа бұл шешімі үшін алғыс білдірді, өйткені Қытай киік популяциясын қалпына келтіруді жоспарлап отыр, – деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты Қытай тарапы жануарларды беру механизмін пысықтайды. Сонымен қатар бұрын Қытайдың батыс бөлігі киіктердің мекен ету ортасына кіргенін еске саламыз.
Алайда XIX ғасырдың екінші жартысында адамдардың дала кеңістігін қарқынды қоныстандыруына байланысты киіктердің мекен ету ортасы мен саны айтарлықтай азайған.
Айта кетейік, биылғы көктемгі есеп нәтижесі бойынша Қазақстандағы киік саны 3,9 миллионға жетіп, 1974 жылғы тарихи максимумынан (1,2 млн. бас) асып түскен.