БҚО-да боксшылар мен бапкерлер пәтер кілттерін алды

388 рет қаралды

Осыдан бірнеше ай бұрын әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының бокс федерациясы ел намысын халықаралық ареналарда абыроймен қорғап жүрген боксшылар мен олардың бапкерлеріне пәтер береді деген ақпарат тарады.

Күні бүгін сөз іспен дәлелденіп, марапат иелерін тапты.
Оралда арнайы ұйымдастырылған салтанатты жиынға БҚО бокс федерациясының президенті Бауыржан Каримов, «Ақжайық» спорт клубының директоры Дамир Қалақов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, БҚО бокс федерациясының құрметті президенті Қуаныш Уахасов, бокс жанашырлары, бапкерлер, жас спортшылар қатысты.

– Ел намысын қорғап жүрген спортшылар қандай құрметке де лайық. Мақсатымыз — әлемдік жарыстар мен олимпиада сынында абыройлы өнер көрсету. Тек өңірдің ғана емес, барша қазақ боксының биік белесті бағындыруы жолында еңбектенеміз, —деді Бауыржан Каримов.

Жиын басында спорт ардагері, облыста бокстың дамуына өзіндік үлесін қосқан Қуаныш Уахасов «ҚР боксын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Одан соң Азия чемпионатының күміс жүлдегері Даниял Сәбит екі, жастар арасындағы әлем чемпионы Өнер Сейілхан мен оның жеке бапкері Берік Жарылқасын бір бөлмелі пәтер кілтін алды. Сонымен қатар салтанатты басқосуда бокстан БҚО құрамасының аға бапкері Саттар Сұлтанғалиға да бір бөлмелі пәтердің кілті табысталды.
– Пәтер сыйлап, үлкен қуанышқа бөлеп жатқан бокс жанашырларына, федерация басшылығына, осындай жетістікке жеткізген бапкерлеріме алғысым шексіз. Енді алаңсыз жаттығып, алға қойған мақсатыма жету үшін барымды саламын,-деді Даниял Сәбит.
Іс-шарада боксты дамытып жатқан «Arena», «Олимп» және «Алмазбек» спорт клубтарының басшыларына арнайы киім-кешек тарту етілді. Сондай-ақ елішілік, халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүрген 35 боксшы арнайы киімге ие болды. Одан бөлек үздік боксшылар облыстық бокс федерациясының алғыс хаттарымен марапатталды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ботайдың боз айғырының оралуы

Сүйінші, ағайын!!! Солтүстік Қазақстан облысында керемет бір жоба іске асты. Біздің көшпелі бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосылған