«Томирис» спектаклі екі фестивальде жүлдеге ие болды

73 рет қаралды

Асанәлі Әшімов атындағы театрдың мәліметінше, «Томирис» қойылымы «Ертіс-Баян» республикалық театр фестивалінде арнайы жүлде алған. Ал «ТЕАТР ALL» IV халықаралық театр фестивалінде спектакль актері Мұхтар Қосыбай марапатталған.

«Ертіс-Баян» фестивалінің қорытындысында театр ұжымына «Томирис» спектаклі үшін «Ерсайын Тәпенов атындағы арнайы жүлде» табысталды.

Қойылым Қазақстанның халық әртісі Меруерт Өтекешеваның 75 жылдығына арналған «ТЕАТР ALL» IV халықаралық театр фестивалінде де көрсетілді. Бұл фестивальде Бахтияр рөлін сомдаған Мұхтар Қосыбай «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» аталымының жеңімпазы атанды.

Спектакльдің авторы – жазушы Болат Жандарбеков, қоюшы режиссері – Гауһар Адай. Туынды сақ патшайымы Томиристің өмірі мен ел тағдыры жолындағы күресін арқау етеді.

Театрдың сипаттауынша, қойылымда Томиристің билеуші әрі ана ретіндегі болмысына назар аударылады. Оқиға желісі арқылы ел алдындағы парыз, аналық сезім және билік жауапкершілігі арасындағы күрделі таңдау көрсетіледі.

Бегім Көктүрік

Парақшамызға жазылыңыз

Бегім Көктүрік

Бегім Көктүрік — журналист. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады.

Маманданатын салалары: тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар