Алматыда журналистерге жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану жолы түсіндірілді

95 рет қаралды
Алматыда журналистерге жасанды интеллектіні қауіпсіз қолдану жолы түсіндірілді
фото: Instagram (okremova)

13 қарашада Алматы қаласында «Сөз бостандығы және жасанды интеллект: медиада сезімтал тақырыптарды қауіпсіз жариялау» атты тренинг өтті. Журналистер мен блогерлерге арналған іс-шарада жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары, құқықтық талаптары, сондай-ақ дипфейк пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мәселелері қарастырылды.

Тренингті «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры Швейцарияның Қазақстандағы елшілігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шара Алматыдағы Renion City Hotel қонақүйінде өтті.

Кездесудің ашылуында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің адами өлшем бөлімінің басшысы Николас Мазик кіріспе сөз сөйледі.

Тренингтің алғашқы бөлімінде «Құқықтық медиа орталықтың» директоры, медиа сарапшы Диана Окремова журналистикада жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық стандарты тақырыбында дәріс өткізді. Бағдарламада жасанды интеллект көмегімен әзірленген материалдарға қатысты кәсіби жауапкершілік пен редакциялық этика мәселесіне назар аударылды.

Келесі сессияда «Құқықтық медиа орталықтың» заңгері Гүлмира Біржанова жасанды интеллектіні журналистикада қолданудың құқықтық негіздері мен ережелерін түсіндірді. Дәрістің негізгі тақырыбы жасанды интеллект құралдарын пайдалануда құқықтық талаптарды ескеру және журналистің кәсіби қызметіндегі заңдық жауапкершілікке арналды.

Тренингтің практикалық бөлімін медиа сарапшы Марат Садықов жүргізді. Ол жасанды интеллект көмегімен визуалды оқиғалар әзірлеу, анимация жасау және дыбыстау мүмкіндіктерін таныстырды. Бағдарламада кейіпкердің жеке басын ашпай визуалды материал дайындау, манипуляциялық контенттің, дипфейктер мен дезинформацияның алдын алу мәселесі де қамтылды.

Жасанды интеллект құралдары журналистерге ақпаратты өңдеу мен мультимедиалық материал әзірлеудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынады. Сонымен қатар синтетикалық бейне, дауыс және кескіндерді шынайы материалдан ажырату мәселесі редакциялық тексерудің маңызын арттырып отыр. Әсіресе адамның жеке өміріне, қауіпсіздігіне және беделіне қатысты сезімтал тақырыптарды жариялау кезінде ақпараттың түпнұсқалығын тексеру мен дербес деректерді қорғау өзекті

Тренинг бағдарламасы осы мәселелерді этикалық, құқықтық және практикалық тұрғыдан қарастыруға бағытталды. Қатысушыларға жасанды интеллектіні журналистік материал әзірлеуде қолдану бағыттары таныстырылып, жаңа технологияларды жауапкершілікпен пайдалану мәселесі түсіндірілді.

Іс-шара соңында қорытынды жасалып, қатысушыларға сертификат табысталды.

Тренинг журналистердің жасанды интеллект құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге, цифрлық контенттің шынайылығын бағалауға және сезімтал тақырыптарды жариялау кезінде кәсіби стандарттарды сақтауға бағытталды.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Бегім Көктүрік

Бегім Көктүрік — журналист. 2024 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдады.

Маманданатын салалары: тіл, мәдениет, әлеуметтік мәселелер, зерттеу журналистикасы, медиасауат.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бақытбек Бәмішұлы: Сараман жолы

Сараман жолы Алматыда Ұлттық кітапханада академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің «Сараман жолы» атты “Атамұра” баспасынан жарық көрген (Президенті