/

Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі тоқтады. Мерзімінен бұрын сайлау қашан өтеді?

66 рет қаралды

Фото: ҚР ОСК

Кеше бұл туралы жарлыққа ҚР Президенті Қ. Тоқаев қол қойғанын хабарлады Ақорда. Жарлыққа сәйкес барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Ал Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауды тағайындау үшін, оны дайындау және өткізуді ұйымдастыруы қажет. Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді. 

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашаға тағайындалды. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну 2026 жылғы 14 қазаннан 27 қазанға дейін жүргізіледі. Қабылдау 27 қазанда сағат 18.00-де аяқталады. Партиялық тізімдерді және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу 2026 жылғы 1 қарашаға дейін жүргізіледі. Тіркеу 1 қарашада сағат 18.00-де аяқталады. Сайлау алдындағы үгіт 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. 28 қараша – тыныштық күні.Сайлау күні дауыс беру учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары бес күндік мерзімде белгіленеді.

Айта кету керек, аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы екені де айтылған.

ҚР ОСК қаулысының негізінде ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары да бекітілді.

Фото: ҚР ОСК

Осыған орай Астанада Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өтті. Отырыста ҚР ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман берген мәліметтерге сәйкес мәслихаттар халық тарапынан жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Алдағы сайлау шеңберінде 228 мәслихатта 3 447 депутатты сайлау жоспарланған. Атап айтқанда, 668 мандат – 20 облыстық мәслихатта, 626 мандат – 38 қалалық мәслихатта және 2 153 мандат – 170 аудандық мәслихатта қарастырылған.

Сонымен қатар, отырыста ҚР ОСК мүшелері мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы, «Әділет» партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы және «Respublica» партияларын жіберу туралы қаулыларды да қабылдады.

Ал «Amanat» партиясына қатысты ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров партияның Орталық сайлау комиссиясына ҚР мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыспайтыны туралы ресми хат жолдағаны туралы баяндады.

Осы сайлау науқанында аралас сайлау жүйесі қолданылады. Жүйе бойынша сайлауға саяси партиялар да, бірмандаттық сайлау округтері бойынша кандидаттар да қатыса алады. Осыған байланысты үміткерлер саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер тарапынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну тәртібімен де ұсыныла алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар