Halyk Bank Euromoney Awards for Excellence 2025 басылымының «Қазақстанның үздік банкі» номинациясы бойынша тағы да жеңімпазы атанды.
Мұндай басылымның жоғары бағалап, зор құрмет танытуы Банктің орасан жетістіктері жемісінің яғни, атап айсақ, рекордтыққаржылықкөрсеткіштерінің,цифрлықсервистердіңсерпіндіөрлеп өсуінің жәнетұрақты әрі берік даму саласындағы табандылығы мен көшбасшылығының айқын айғағы.
«Өткен жылы Halyk Bank негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша елеулі нәтижелер көрсетті: таза пайда жылдық мәнде 32,8%-ға ұлғайса, таза пайыздық кіріс 39%-ға өсті. Жиынтық активтер жыл басынан бері 19,7%-ға, кредиттік портфель, нетто – 23,5%-ға, депозиттер көлемі – 18,9%-ға өсті», – деді Euromoney сарапшылары.
Басылым сонымен қатар Банктің ESG саласындағы жетекші позицияларына тоқтала кетіп, Halyk Bank Қазақстанның жасыл облигациялар шығарған алғашқы коммерциялық банкі атанғандығын айрықша атап өтті.
Әсіресе, қарқыны зор технологиялық трансформацияға аса назар аударылды:
«Halyk Bank eGov арқылы 52 мемлекеттік көрсетілетін қызметті іске қосып, нәтижесінде онлайн режимінде ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны бойынша банктер мен сыртқы платформалар арасында көшбасшы болды. Цифрлық стратегияның жетістігін операциялардың мынадай ауқымы айғақтай түседі: өткен жылы Halyk Super App арқылы 16,2 трлн теңге сомаға транзакциялар өңделді».
«Euromoney беделді басылымының Halyk Bank-тің төртінші жыл қатарынан жетістіктерін атап өтуі Біздің команда үшін мерейлі мәртебе. Абыройымызды аспандатқан бұл марапат айрықша маңызға ие, себебі бәсекелестік белең алған кезеңде, жаһандық экономикалық және сауда қатынастарының құбылмалы уақытында, шешімдердің технологиялық трансформациялар және жасанды интеллект негізінде көзді ашып жұмғанша тез таралу жағдайында біздің қызметіміз бен ерен еңбегіміздің осындай жоғары бағаға ие болуы үлкен құрмет. Бұл ретте біз жай позицияны сақтап қана қоймай, Қазақстанның банк секторының үйлестіруші көшбасшысына айналып, негізгі бағыттар бойынша берік те сенімді өсу мен өркендеудің нышаны болдық. Бұл процестерді үнемі жетілдіріп және уақтылы инновацияларды енгізіп отыруды талап ететін қисапсыз еңбек екендігін белгілі. Осындай қажырлы еңбегіміздің халықаралық қаржы қоғамдастығының мойындауына ие болғанына қуаныштымыз», – деп түсіндірді Halyk Bank Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова.
1992 жылы құрылған Euromoney Awards for Excellence Әлемдік Банк индустриясындағы ең беделді наградалардың бірі болып саналады. Конкурсқа жыл сайын 100-ден астам елден 600-ден астам банк қатысады, осы Басылымды бұл үрдіс сапаны бағалау саласындағы ең ірі және ықпалды бағдарламалар арасында беделін биіктетіп келеді.
Halyk Bank туралы
Halyk Bank – жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтердің толық спектрін ұсынатын, Қазақстанның ғасырдан астам терең тарихы бар сан салалы Банкі.
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы (Halyk Bank) – Қазақстанның ғасырдан астам терең тарихы бар сан салалы Банкі.
Halyk Bank – Қазақстанның ең ірі банкі. 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша оның активтері шамамен 18,9 трлн теңгені құрады. Банк коммерциялық банктер тарапынан кредиттеудің жиынтық көлемінің 53%-ын қамтамасыз ете отырып, экономиканың нақты секторын кредиттеуде шешуші рөл атқарып келеді. Halyk сонымен қатар елдегі ең ауқымды клиенттік база мен тармақталған филиалдық желіге ие банк.
Банк 1998 жылдан бастап Қазақстан қор биржасында (KASE), 2006 жылдан бастап Лондон қор биржасында (LSE) және 2019 жылдан бастап Астана халықаралық биржасында (AIX) листингтелген.
Halyk Group – Қазақстанда, Өзбекстанда және Грузияда жұмыс істейтін сан салалы қаржы тобы. Іргелі қаржы тобы жеке тұлғаларға, корпоративтік клиенттерге және шағын, орта бизнес субъектілеріне банктік қызмет, сақтандыру, лизинг, брокерлік қызмет көрсетіп, активтерді басқару және лайфстайл-сервистер салаларында көрсетілетін қызметтердің кең спектрін ұсынады.
Цифрлық трансформацияның көшбасшысы ретінде Halyk Bank өзінің экожүйесін қарқынды дамытып, жетілділіп келеді. Қазіргі күні қаржылық қызметтердің көпшілігі Банктің цифрлық арналары арқылы ұсынылады. Halyk экожүйесіне ойын-сауық, туризм және электрондық коммерция қызметтері кіреді. Сонымен қатар клиенттер Halyk мобильді қосымшасы арқылы үлкен сұранысқа ие 70 мемлекеттік көретілетін қызметті пайдалану мүмкіндігіне ие екендігін атап өткеніміз абзал.
Halyk Bank-тің берік сенімділігі мен тұрақтылығын мынадай жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық деңгейдегі рейтингтері растай түсті:
– Moody’s Investors Service – Baa1 (болжам-бағалауы: тұрақты);
– Standard & Poor’s – BBB- (болжам-бағалауы: тұрақты);
– Fitch Ratings – BBB- (болжам-бағалауы: тұрақты).
Банк туралы www.halykbank.kz сайтынан толығырақ біле аласыз.
Парақшамызға жазылыңыз