//

Перизат Қайрат ісі: күтпеген деректер айтылды

109 рет қаралды

Фото: tengrinews.kz

abai.kz-тің хабарлауынша, “Асар-Уме” қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен қайырымдылық барысында қалай жұмыс істегені туралы айтып берген.

Астанада алаяқтық пен ұрлық жасады деп айыпталған қоғам белсендісі Перизат Қайратқа қатысты басты сот процесі жалғасуда. Бүгін куәгер ретінде “Асар-Уме” қоғамдық бірлестігінің басшысы Асхат Нұрмашев сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, 2023 жылдың қарашасында ол Перизат Қайратпен Газа секторындағы тұрғындарға көмек көрсету туралы келісім жасаған. Нұрмашевтің сөзінше, айыпталушы оған Қазақстандағы Палестина елшілігімен меморандумға қол қойғанын және палестиналықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін Абу-Дабиде орналасқан халықаралық хабқа кіруге аккредитациясы бар екенін айтып сендірген. Нұрмашев Перизат Қайраттың қорына 200 миллион теңге аударғанын мәлімдеді.

– 8 қараша күні біз сол қоймаға кіре алатынымызды талқыладық, ол жерге кез келген адамды кіргізбейді. Сол кезде Перизат Қайраттың халықаралық қоймаға кіруге аккредитациясы ғана емес, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің билеуші әулетімен байланысы бар екені айтылды, – деді Нұрмашев.

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы және 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлардың мәліметінше, 2021 жылдан 2024 жылға дейін Перизат Қайрат пен оның анасы 3,5 млрд теңгені қолма-қол шешіп алған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ботайдың боз айғырының оралуы

Сүйінші, ағайын!!! Солтүстік Қазақстан облысында керемет бір жоба іске асты. Біздің көшпелі бабаларымыздың адамзат өркениетіне қосылған