//

Перизат Қайрат пен анасына қатысты үкімі шықты

177 рет қаралды
1

Фото: instagram.com

Осыған дейін бүгін Перизат Қайрат пен анасына қатысты үкім шығатынын жазған едік.

Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемде, адамдар тобы болып жасаған алаяқтық) және 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын заңдастыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

Осы іс бойынша жәбірленуші Олжас Садық та сөз сөйлеп, Газа секторына көмек ретінде 83 миллион теңге аударғанын, бірақ ол қаражаттың нақты қайда жұмсалғаны туралы есеп ала алмағанын айтқан еді. Ол да айыптауды қолдайтынын білдіріп, Ғайни Алашбаеваны үй қамақта қалдыруды ұсынып, оның жасын ескеруді сұраған.

            Бірер сағат бұрын сот отырысында Перизат Қайрат 10 жылға, анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар