Asian Banking&Finance беделді халықаралық басылымы өткізген конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша HalykBank 2025 жылы Corporate & Investment Bank номинациясы бойынша жеңімпаз болып танылды. Марапаттаурәсімінде үздік банктер мен компаниялар атап өтілді. Бағалаудың негізгі критерийлері инновациялық өнімдердіенгізу, цифрлық трансформация, сондай-ақ бизнесті қолдауға бағытталған тиімді шешімдер сияқты факторларболды.
Осылайша Halyk корпоративтік секторда мықты позицияға ие екенін көрсетті. Жылдық есепке сүйенсек, 2024жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша корпоративтік кредиттік портфель 18,4 пайызға өсіп, 6 триллионтеңгеге жеткен.
Фото: Halyk Bank
Бұдан бөлек, Halyk мемлекеттік бюджет түсімдерінің жартысынан көбін қамтамасыз ететін ең ірі салықтөлеушілердің 86 пайызына қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, банк экономиканың нақты секторының 50 пайызданастамын, оның ішінде энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және өнеркәсіп сияқты негізгі секторлардағыжобаларды қаржыландырады, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар жобаларға қатысады.
Halyk-тың негізгі артықшылықтары:
* Ірі жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін қарыз алушылар тобына жоғары лимиттер;
* Теңгедегі және шетел валютасындағы жоғары өтімділік, бұл нарықтық өзгерістерге икемділік пентұрақтылықты қамтамасыз етеді;
* Onlinebank негізіндегі В2В сегментіне арналған озық цифрлық шешімдер;
* Сақтандыру, бұлтты және телекоммуникациялық шешімдер, лизинг, факторинг және инкассация қызметтерінқамтитын экожүйелік кешенді ұсыныстар.
Парақшамызға жазылыңыз