//

Әнел Сытдықова Солтүстік бұғазды жүзіп өткен алғашқы қазақстандық ару

112 рет қаралды

Фото: Әнел Сытдықованың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан

Батыс Қазақстанның қайсар қызы Әнел Сытдыкова тағы да тарихқа есімін жазды. Ол – Ирландия мен Шотландияны бөліп жатқан дүлей мінезді Солтүстік бұғазды жүзіп өткен алғашқы қазақстандық ару атанды. Қуанышты жаңалықпен Әнел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Қыркүйектің 4-інде басталған сын Әнел үшін теңіздің толқынымен айқасқан 16 сағат 36 минут 19 секундқа созылды. Ақыры, мұздай суға мойымай, бойдағы жігерді қайрап, дегеніне жеткен Әнел солтүстік бұғазды жүзіп өткен әлемдегі 185 жүзгішnің қатарына қосылды.

Бұл кездейсоқ жетістік емес. Бұл талай жылғы маңдай тердің жемісі. Әнелді ел бұрыннан біледі. Ол триатлоннан “Темір ханшайым” атанған тұңғыш қазақстандық. “Ironman” және “Ultraman” сындарында ел намысын абыроймен қорғап жүрген жан. Ол 2019 жылы-ақ 38 шақырымдық Ла-Манш бұғазын гидрокостюмсіз жүзіп өткенде көпшілік таңдай қаққан. 2022 жылы Манхэттенді айнала жүзгенде 48 жарым шақырымды артта қалдырып, 20 көпірдің астымен өткені ел есінде. Сондай-ақ Лос-Анджелестегі әйгілі “Каталина” бұғазын да тоқтаусыз бағындырды.

Тіпті, Антарктиданың қақаған суына түсіп, оны бағындырған алғашқы қазақ болғаны да бар.

Әнелдің әрбір жеңісі – тек спорттық рекорд қана емес, отаншыл рухтың, қайсар мінездің айғағы. Қиынды жеңген қазақ қызының бүгінгі ерлігі – ертеңгі ұрпаққа үлгі.

Түгелбай Бисен, 

БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Бес стадионның нешеуі салынады?

Фото: sportplustv.kz Алматылық «Қайрат» чемпиондар лигасындағы қарсыластарын білген соң әлеуметтік желіде халықтық клуб пен оның қарсыластарының