///

Енді inDrive-та Halyk ID арқылы тіркелуге болады

313 рет қаралды
photo: Shutterstock

inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы Halyk ID арқылы авторизацияланудың жаңа әдісін енгізді. Бұл опция inDriveқосымшасына логин мен парольді енгізбей-ақ кіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар деректерді қосымша қорғау қызметтерін ұсынады. Айта кетейік, бұл соңғы жарты жылда inDrive пен Қазақстанның ірі банкі арасындағы үшінші серіктестік.

 Енді inDrive-қа тіркелу кезінде Halyk қосымшасының пайдаланушылары Halyk ID батырмасын басып логин мен парольсіз кіре болады.Қауіпсіздік тұрғысынан Halyk ID деректерді қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай шешім бірінші кезекте уақыттыүнемдейді.

“Біз Halyk-та қазақстандықтардың өмірін ыңғайлы етуге тырысамыз. Google және Apple сияқты әлемдік технологиялық компанияларөз клиенттеріне әртүрлі сайттарда құпиясөздердің бар екенін ұмытып, әмбебап төлқұжат – ID идентификаторына ие болуға мүмкіндік беріп жатыр. Біз бұған үздіксіз басу төлемдерін және жекелендіруді қосамыз. Өткен жылы біз мұны экожүйеміз – HalykMarket-те, kino.kz-те және басқа да ондаған қызметте жасадық. Биыл Onay және inDrive сияқты серіктестермен бірлесіп, осыыңғайлы технологияны қайталауды жалғастырамыз”, – деді Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Заварзин.

 “Біз қауіпсіздікті арттыру, сервисті пайдалану тәжірибесін жақсарту бойынша үнемі жұмыс істейміз. Бірыңғай кіру – бұл логин менпарольсіз кіруге болатын авторизацияның заманауи тәсілі ғана емес, сонымен қатар қорғаныс пен тексерудің одан да жоғары деңгейі.Біздің пайдаланушылар енді батырманы басу арқылы тіркеле алады, ал біз платформаны зиянкестерден қорғай аламыз, — деді Қазақстандағы inDrive кантри-менеджері Арай Бекембаев.

Айта кетейк, бұл inDrive пен Halyk Bank арасындағы алғашқы ынтымақтастық емес. Бұған дейін inDrive жүргізушілерде арнайы салықрежимінде жеке кәсіпкер ретінде тікелей жұмыс істей алу мүмкіндігі бар екенін мәлімдеген болатын. Бұл мүмкіндік Halyk арқасындажүзеге асырылған еді. Бұдан бөлек, Halyk Алматыдағы ауаның ластануына қарсы күрес жөніндегі Almaty Air Initiative жобасыныңстратегиялық серіктесі болды. Тараптар меморандумға қол қойып, үш негізгі бағыт бойынша: ақпараттандыру, инфрақұрылымдықөзгерістер және экологиялық реттеу бойынша жұмыс істеуге келісті.

inDrive компаниясы туралы

inDrive – штаб-пәтері Mountain View, Калифорния, АҚШ-та орналасқан жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы. inDriveқосымшасы 360 миллионнан астам рет жүктелген және үшінші жыл қатарынан сапарларға тапсырыс беру бойынша ең көп жүктелгенекінші бағдарлама. Саяхаттардан басқа, inDrive қалааралық және жүк тасымалы, курьерлік және B2B жеткізуді қамтитын қалалыққызметтердің өсіп келе жатқан тізімін ұсынады. 2023 жылы inDrive New Ventures, венчурлық және M&A бөлімшелерінің қызметін іске қосты. Сондай-ақ, inDrive 48 елде 982-ден астам қалада жұмыс істейді.

Halyk Bank туралы

Halyk Bank – 2025 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық активтері шамамен 18,9 трлн теңгені құрайтын Қазақстанның ірібанкі. Банктің үлесіне Қазақстанның коммерциялық банктері арасында экономиканың нақты секторын кредиттеудің 50%-дан астамытиесілі. Halyk Bank елдегі ең ірі клиенттік базалардың біріне ие, ол сандық арналар арқылы және бүкіл ел бойынша ең кең филиалдықжелі арқылы қызмет етеді. Сонымен қатар, Halyk Bank өз қызметін Грузия мен Өзбекстанда жүзеге асырады. Қазіргі уақыттахалықаралық рейтингтік агенттіктер Банктің сенімділігі мен тұрақтылығын жоғары бағалайды.

Қосымша ақпарат www.halykbank.kz-те.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар