//

Қазақстандық спортшылар 2028 жылғы Олимпиадаға дайындалуға Халықаралық Олимпиада комитетінің стипендиясына ие болды

284 рет қаралды

Сурет: ҚР ұлттық олимпиадалық комитеті

Бүгін ҚР ұлттық олимпиадалық комитеті 2028 жылы Лос-Анджелесте (АҚШ) өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) жекелей стипендиясын алған қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болғаны туралы хабарлады.

бұған бастамашы болған Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті ұлттық федерациялармен және Халықаралық Олимпиада комитетімен бірлесе жұмыс жүргізген. Сондай-ақ барлық қажетті құжаттардың рәсімделуін қамтамасыз еткен.

Қазақстаннан бағдарламаға енген спортшылар тізімі:

  • Аида Әбікеева (бокс)
  • Сағындық Тоғамбай (бокс)
  • Ғұсман Қырғызбаев (дзюдо)
  • Әбиба Әбужақынова (дзюдо)
  • Милад Карими (спорттық гимнастика)
  • Руслан Курбанов (семсерлесу)
  • Исхар Курбаев (грек-рим күресі)
  • Ризабек Айтмұхан (еркін күрес)
  • Зейнеп Баянова (әйелдер күресі)
  • Мария Бровкова (байдарка мен каноеде есу)
  • Александра Ле (нысана көздеу, пневматикалық қару)
  • Ислам Сәтпаев (нысана көздеу, пневматикалық қару)
  • Әмір Маймұратов (спорттық құзға өрмелеу)
  • Батырхан Төлеуғали (таеквондо)
  • Алан Құрманғалиев (үстел теннисі)
  • Елизавета Матвеева (жеңіл атлетика)
  • Әсем Орынбай (стенд ату)
  • Сергей Петрович (ауыр атлетика)
  • Арай Нұрлыбекова (ауыр атлетика)
  • Данил Мусабаев (батуттағы гимнастика).

Қазақстандық спортшылардың бұл бағдарламаға енуі олардың Олимпиада-2028 ойындарына жүйелі әрі сапалы дайындық жүргізуіне қосымша мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты – спортшыларды төртжылдықтың басты додасына іріктеу кезеңінде және дайындық барысында қолдау. Ұсынылған кандидаттар ұлттық федерациялар арқылы іріктеліп, гендерлік теңдік сақталды. Әр спорт түрінен бір ер және бір әйел спортшы ұсынылды. Сонымен қатар мүмкіндігінше көбірек спорт түрін қамтуға мән берілді, осылайша әртүрлі бағыттағы атлеттерге қолдау көрсетілді.

Стипендия Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енген жекелей спорт түрлерінде өнер көрсететін спортшыларға беріледі. Міндетті талаптар: іріктеуден өтуге және  жоғары орындарға үміткер болуға мүмкіндік беретін нәтижелер, сондай-ақ допингке қарсы ережелерді бұзбау және Олимпиадалық хартияға қайшы келетін санкциялардың болмауы.

Қаржы оқу-жаттығу жиындарына, жекелей дайындықтарға, бапкерлер мен мамандардың еңбекақысын төлеуге, медициналық және ғылыми қолдауға, сақтандыруға, сондай-ақ тұру мен тамақтануға жұмсалады. Қаражаттың мақсатты жұмсалуы тұрақты есеппен қадағаланады.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар