Фото: istockphoto.com
Елімізге батыстан келетін циклон мен атмосфералық фронттар алдағы күндері қолайсыз ауа райын алып келмек. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сүйенсек, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, арты аязға ұласады.
Қай өңірлерде жауын-шашын болады?
10–11 ақпан аралығында еліміздің бірнеше аймағында жауын-шашын (жаңбыр мен қар аралас) мол болады деп күтіліп жатыр. Атап айтқанда:
- Солтүстік пен солтүстік-батыс;
- Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс;
- Орталық Қазақстан;
- 11 ақпанда Шығыс Қазақстанда да қатты жауын-шашын болуы мүмкін.
Сонымен қатар, республиканың түкпір-түкпірінде көктайғақ болып, боран соғады. Желдің қарқыны күшейіп, жолдардағы көрініс нашарлауы ықтимал.
Аяз қашан басталады?
Аптаның соңына қарай жауын-шашын тоқтап, күн суыта бастайды. Бұған батыстан келетін антициклон әсер етпек. Термометр бағандары мынадай көрсеткіштерге дейін төмендейді:
| Аймақтар | Түнде (аяз) | Күндіз (аяз) |
| Солтүстік, Орталық, Солтүстік-батыс | 22–30∘C | 15–20∘C |
| Шығыс Қазақстан | 13–23∘C | 12–20∘C |
| Оңтүстік өңірлер | 10–20∘C | 5∘C аяз бен 5∘C жылу арасы |
Тұрғындарға кеңес
Ауа райының бұзылуына байланысты жолға шығарда абай болуды, техникалық қауіпсіздікті сақтауды және синоптиктердің хабарламаларын қадағалап отыруды ұсынамыз. Көктайғақ пен боран кезінде алыс сапарға шығу қауіпті болуы мүмкін.
Назерке Ақберді
Парақшамызға жазылыңыз
