//

Қазақстанда мамыргүлді жұлғандарға айыппұл салынуы мүмкін

57 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Елімізде қалалық аумақта өсіп тұрған мамыргүлді  жұлғаны үшін 216 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Бұл мәселе Threads әлеуметтік желісінде жарияланған жазбадан кейін қызу талқылана бастады. Онда қоғамдық орындардағы бұталарды сындыруға және жұлуға жауапкершілік қарастырылғаны айтылған.

Жарияланымнан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер қалыптасты. Бірі өсімдіктерге ұқыпты қарау қажет екенін қолдаса, енді бірі мамыргүлді күтіп-баптау үшін кей жағдайда қырқуға болатынын, алайда оны ұқыпты түрде жасау керектігін атап өтті. Яғни, бұтақтарды жөнсіз сындыру дұрыс емес екені жиі айтылды.

Пікірталас барысында кейбір тұрғындар өздері отырғызған жұпаргүл бұталары толық гүлдемей жатып жұлынғанын немесе сындырылғанын жеткізді. Ал басқалары айыппұл туралы ақпарат мұндай әрекеттердің алдын алуға көмектеседі деген пікір білдірді.

Қазіргі таңда мамыргүлдің гүлдеу кезеңіне байланысты мұндай жағдайлар жиі талқыланып жатыр. Осы ретте жауапты органдар азаматтарды заң талаптарын сақтауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.

Айта кетейік, Қазақстанда бұталарды зақымдағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 338-бабына сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз кескен, жойған немесе зақымдаған жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. 2026 жылы бұл шамамен 216 250 теңгені құрайды.

Сандуғаш Жаилганова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар