/

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: Нақты жетістіктер мен жаңа идеялар жылы

2050 рет қаралды
фото: Казинформ

 Президент Тоқаев 2021 жылды «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп жариялау туралы шешімін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында және Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында мәлімдеген болатын.  

“Тарихи тамыры тереңге кеткен Қазақстан үшін бұдан артық құндылық жоқ. Бұл аса бағалы қазына, аса киелі жетістік. Сол үшін ата-бабамыз аңсап кеткен тәуелсіздік біз үшін өте қымбат. Егемендік – әрбір халықтың талайына бұйыра бермейтін бақыт. Біздің тәуелсіздігіміздің шежіресі тарихи тұлға Бірінші Президент Елбасының есімімен тығыз байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент елдегі басты ұлттық мейрамды кеңірек атап өтуге пандемияның кедергі болғанын атай отырып, бірақ бұның елдің Тәуелсіздігінің мәні мен құндылығына нұқсан келтірмейтінін жеткізді.

“Президент ретінде менің басты миссиям әлеуметтік әділдік пен елдің әл ауқатының өсуі. Сол себепті де мемлекеттің басты мақсаты – ел тұрғындарының өмір сапасын арттыру. Былтыр 4 миллион адамның зейнетақысы мен әлеуметтік жәрдемақысын өсірдік. Әлеуметтік сақтандыру төлемдері орташа есеппен   50%-ға артты. Аз қамтылған отбасының 500 мыңнан астам баласы кепілдендірілген әлеуметтік көмекке ие болды.  Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға біз біздің аймақтағы өзге елдермен салыстырғанда аса зор көмек көрсеттік. Азаматтарға 42 500 теңге көлемінде тікелей төлемдер жасалды.  Мемлекеттің қаржылай көмегін  4,5 миллионнан астам адам алды. Несие төлемдерін кейінге шегеру арқылы  1 миллион 900 мың адамның дефолтқа ұшырауын болдырмадық”, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

 Президент елдің экономикалық дамуындағы жетістіктерді де атап өтті. Бүгін де Қазақстан нарықтық экономикасы дамыған, әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялану қабілеті жоғары елге айналды. Қазақстан шетел инвесторларын тарту жағынан ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің алдына шықты. Сондай-ақ, әлеуметтік және зейнетақы саласында да айтарлықтай реформалар жүргізілді.

 Президент  геостратегиялық белгісіздіктің халықаралық аренада саяси эгоизм мен экономикалық ұлтшылдықты қоздыра түскеніне назар аударды. Оның ойынша, қазіргі заманда халықтардың жаһандық мәртебесі көбінесе технологиялық көшбасшылық негізінде айқындалады.

“Бізге Қазақстанның шынайы бәсекелестік қабілетін арттыру үшін бізге барлық күшіміз бен ресурстарымызды жұмылдыру керек.  Бүгінде ұлттардың өзара ынтымақтастығы мен әрбір азаматтың Тәуелсіздік құндылықтарына қалтқысыз қызмет етуі аса маңызды. Біз халықаралық қауіпсіздік жүйесінің нығаюы үшін БҰҰ мен көп жақты құрылымның рөлін арттыру мақсатында сыртқы саясатымызды жалғастыра береміз.

Ұлттық мүддемізді талап ете отырып, қазіргі көп полярлы әлемде тиімділігін дәлелдеген сыртқы конструктивті саясатымыз жалғаса береді “, – деп мәлімдеді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздігіміздің 29-шы жылы күрделі, драмаға толы және стандарттан тыс өтті. Бұндай тарихи сәт кез келген ұрпақтың маңдайына жазыла бермейді. Жаһандық дағдарысты еңсере отырып, біз алдымызға бұдан да батыл мақсат пен міндеттерді қоямыз деп атап өтті.

“Биылғы жыл біз үшін шешуші жыл. Бұл жыл біздің Отанымыздың тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтпек. Бұл бұған дейін жүріп өткен жолымызды сараптап, қорытындылайтын жыл. Біз осы бір маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен атап өтетін боламыз.

Біз айғайлаған акциялар мен пафостық іс-шаралардан бойымызды аулақ саламыз. Біз экономикадағы, әлеуметтік сала мен экологиядағы жүйелі шара кешендерін жүзеге асыруды жалғастыра береміз. Барлық тұрғынның, әсіресе, жастар мен әйелдердің және мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктері мен мұқтаждығына ерекше назар аударатын боламыз.  Біз еліміздің саяси модернизациясын күшейте түсеміз”, – деді Президент.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі