/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында не айтты?

634 рет қаралды
Фото: akorda.kz

Бүгін, 3 қаңтар күні, мемлекет басшысының өткен жылға қатысты «Ana tili» газетіне берген сұхбаты Президенттің ресми сайтында жарияланды. Сұхбатта не айтылды? Қысқаша шолу жасап өтсек.

Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек..

Сұхбат барысында елімізде орын алған су тасқыны мен Ақтау қаласындағы Әзербайжан әуе компаниясының ұшақ апаты туралы сөз қозғалды. Журналистің “Мемлекет осы табиғат апатынан қандай сабақ алды?” деген сұрағына: “Бір ел, бір халық болып, жұдырықтай жұмыла білсек қана мұндай апаттарды еңсере алатынымызға бәріміз көз жеткіздік”,-дей отырып, алдағы жоспарларды айтты Соның бірі – 2030 жылға дейін 40-тан астам су қоймасын салу және 37 су қоймасын жөндеу туралы. Сондай-ақ жалпы ұзындығы 14 мың шақырымнан асатын ирригация каналдарын жаңғырту көзделгенін де атап өтті.

Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 63 мыңға жуық адам жұмылдырылған. Сонымен қатар, су мамандарының тапшылығы мәселесін шешу және зерттеу жұмыс­тарын жандандыру үшін Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті құрылғанын да жеткізді.

Кезектен тыс президент сайлауы

Журналист “Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді” деген қауесет туралы сұрады. Тоқаев «Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін» деп жауап берді.

Бірыңғай уақыт белдеуі

Президент бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты өз пікірін білдірмеді. Дегенмен Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайтынын жеткізді. Ол «қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет» деумен ғана шектелді. Уақыт белдеуіне қатысты зерттеу нәтижесі 1 наурызда жарияланатынын айтты.

Валюта құны

Журналист теңгенің долларға шаққандағы бағамы 500-ден асқаны жайлы айта отырып, экономикалық реформаларға кедергісі туралы сұрады. Өз сөзінде ол “Біздің валюта бағамын қолдан ұстап тұру тәжірибесінен бас тартқанымызға біраз уақыт болды. Нарық факторларына байланысты еркін бағам қалыптастыру жолын таңдадық. Мен теңгені күшейту үшін еліміздің алтын-валюта қорын босқа ысырап ету орынсыз деп санаймын” деп жауап берді. Сонымен қатар, экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалайтынын да қоса айтты.

Атом электр стансасын салу

Журналисттің “Халықаралық консорциум құрылымына Үкімет қай компанияларға басымдық беретінін нақтылады ма?” деген сауалына жобаға тапсырыс беруші ретінде Қазақстан жағы Консорциумда бас оператор болатынын жеткізді. Атом стансаларын салуға байланысты шетелдерде тәжірибесі мол, білігі жоғары «Росатом» компаниясының жобаға қатысуы мүмкін екені айтылды. Сондай-ақ Қытайдың азаматтық мақсатта қолданылатын ядролық нысандар салу ісіндегі зор жетістіктері ескеріле отырып, осы елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатырғанын да айтты. Сонымен қоса, биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі, содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды деді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар