//

Нұрғиса Әділетұлы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

114 рет қаралды
Нұрғиса Әділетұлы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: ҚР ҰОК 

Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қоссайыс қорытындысында 399 келі (жұлқа көтеруде – 182 келі, серпе көтеруде – 217 келі) нәтижесін тіркеді.

Нұрғиса Әділетұлы жұлқа және серпе көтеруде де күміс медаль иеленді. Қорытындысында спортшының еншісінде бір күміс және екі кіші күміс жүлде бар.

Бұл салмақта Болгария өкілі Карлос Насар 415 (185+230) келі нәтижесімен чемпион атанды. Ал Иран спортшысы Али Алипур 396 (181+215) келі көтеріп, қола медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Нұрғиса Әділетұлы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен жазғы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанған болатын. Сол жарыстық қоссайысында ол 394 (177+217) келіні бағындырды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар