//

Фатима Сұпығалиева – Олимпиада чемпионы!

133 рет қаралды
Фатима Сұпығалиева – Олимпиада чемпионы!

Фото: ҚР ҰОК 

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль иеленді.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Фатима жарысты сенімді бастады. Алдымен ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Одан кейін словакиялық Вивьен Вадовицовадан басым түсіп, шешуші кезеңге өтті.

Финалда қазақстандық спортшы Португалия өкілі София Гаспармен белдесті. Тартысты өткен кездесуде Фатима қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш әлем чемпионы атанған Фатиманың жеңісі ел дзюдосы үшін үлкен жетістік.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар