//

Қазақстан құрамасы – шайбалы хоккейден Азияның үш дүркін чемпионы!

54 рет қаралды
Қазақстан құрамасы – шайбалы хоккейден Азияның үш дүркін чемпионы!

Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатында қатарынан үшінші рет топ жарды. Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен құрлықтық додада отандастарымыз барлық кездесуде жеңіске жетіп, чемпиондық атағын сақтап қалды.

Турнирдің алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Жапония хоккейшілерімен кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті. Екінші ойында Қытай құрамасын 5:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы – шайбалы хоккейден Азияның үш дүркін чемпионы!Ал жарыстың шешуші кездесуінде қазақстандықтар алаң иелері – Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Бұл сында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы – шайбалы хоккейден Азияның үш дүркін чемпионы!

Осылайша, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты. Жарыстың қорытындысында Жапония құрамасы күміс, Оңтүстік Корея қола жүлдеге ие болды.

Қазақстан құрамасы – шайбалы хоккейден Азияның үш дүркін чемпионы!

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы бұған дейін 2024 және 2025 жылдары да Азия чемпионы атанған болатын. Биылғы жеңіс арқасянда ұлттық құрама құрлықтағы чемпиондық атағын үшінші жыл қатарынан қорғап, жетістігін жалғастырды.

Түгелбай Бисен

фото: https://t.me/DRSQazaqstan/7251

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар