Қазақ музыкасының мэтрі – 80 жаста

532 рет қаралды

er2Шетелдіктер қазақ музыкасы дегенде екі есімді жақсы біледі. Бірі – Мұқан Төлебаев, ал екіншісі – Еркеғали Рахмадиев. Шын мәнінде халықаралық деңгейде шыққан осы екеуі.

Рахмадиевтің композиторлық еңбегі сапалық, көркемдік, нақтылық жағынан халықаралық деңгейде үлкен мұра саналады. 70 жылдың ішінде ол «Алпамыс», «Абылай хан», «Қамар сұлу», «Таң самалы», «Тың тынысы», «Степное зарево» сынды бес опера жазған. Оның екеуі кезіндегі режимнің тапсырмасы бойынша жазылған. Сол саясатпен бірге қалды. «Алпамыс», «Абылай хан», «Қамар сұлу» көркемдік биігін ешкім төмендете алмайды. Бұлар қазаққа керек дүниелер. Мен де, менің қатарластарым бәрі де Еркеғали Рахмадиевті «Папа» деп атаймыз. Ол кісі шын мәнінде бізге әкелік қамқорлығын көрсетті. Консерваторияда ректор болып тұрған шағында бәрімізді оқуға қабылдатты. Тікелей өзінің класында оқымасақ та, музыкаға деген көзқарасымыздың қалыптасуына, қоғамға қатысты дүниетанымымыздың кеңеюіне ықпал етті. Қызыл  коммунистер анталаған тұста: «Әй, сендер, ең әуелі қазақ болыңдар. Қазақтың даласындай кеңдікті меңгеріңдер. Сонда шығармаларың да кең болады. Қазаққа іштарлық жараспайды. Ал іші тар адамнан кемел тұлғаның шығуы мүмкін емес. Қазақтың нағыз сал-серілері кең еді» деп отыратын.

Солай тәрбиеледі. Социалистік реализм дүрілдеп тұрған кездің өзінде-ақ, ол кісінің Қазақы Тұлғасы әйгілі болды. 1977 жылы, студент кезімде, Мәскеудегі бір пленумға қатыстым. Қонақ үйдің екінші қабатында әкейдің ашуланып отырғанын көріп қалдым. Сөзге тартсам, «СОКП Орталық Комитетіне Кетбұғаның «Ақсақ құлан» күйінің шыққанына 750 жыл болды. Бұл бүгінгі күнге жеткен қазақтың алғашқы кәсіби шығармасы. Туындының 750 жылдығын тойлайық» деген ұсыныспен барыпты. Рұхсаттың бәрін Орталық арқылы шешетін тұс. Ондағылар әкейдің өзіне тиісіп, сөгіп тастапты. Соған ренжіп, «Ақсақ құланның» оқиғасын, қалай шыққанын айтып, ашуланып отыр екен. Соның алдында ғана грузиндер Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты дастанының 750 жылдығын тойлаған болатын. «Неге қазақ музыкасының мерейтойын тойламаймыз» деп булықты.

1981 жылы Қазақстанның Ресейге «өз еркімен» қосылғанына 250  жыл толғаны  дүрілдетіп тұрып тойланды. Сол тұста Мәдениет министрлігі арнайы тапсырыс беріп, шығармалар жаздыртты. Қалам ақысы өте мол. «Орыс халқына арнау», «Сәлем саған орыс халқы» деген сияқты көптеген шығармалар сол кезде жазылды.  Еркеғали Рахмадиев ештеңе жазған жоқ. Маған: «Өзің ойлап қарашы, бұл тойлайтын нәрсе ме? Есі дұрыс адам «өз еркімен» бодандыққа беріле ме?» деді. Соның өзі оның болмыс-бітімін аша түседі.

bk 003

Балнұр Қыдырбекқызы,

Қазақстан композиторлар одағының төрағасы,

«Қазақ әдебиеті» газетінен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі