////

Бақытбек Бәмішұлы: Махмұд Қашқари – Ру дегеніміз ұрпақ дегеніміз

113 рет қаралды

(4- бөлім). Қазіргі түрік тілдері мен моңғол тілі уақыт озуына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар жеке-жеке тіл екенін түсіне отырып, Махмұд Қашқаридың өзi “таза түрік тiлi” деп таныған, тек “түрік тiлiне тән сөздерін” қазiргi моңғол тiлiмен салыстырмалы-тарихи зертеу барысында бүгінгі қолданыстағы моңғол тілінде көне түрік тілінің дыбыстық және ұғымдық жағынан ұқсас, ортақ сөздердің мән-мағынасы өзгерместен анағұрлым мол сақталып қалғандығы ұзақ жылдық қарым-қатынастары нәтижесі ғана емес олардың генеологиялық туыстығының көрінісі екеніне тәнті боламыз. Махмұт Қашқари аталған сөздікте өзі-өсіп өнген ежелгі орта ғасырдағы ислам дінінің жеткен өлкелерін ғана санатқа алып отыр. Егерде ғалым Алтай тауын асып, Құбының құмын (Ғоби) жиектей Тамыр өзеніне жетіп, Бұйра көлге (Буйр нуур – Моңғолия шығысындағы көл, көне Қоңыраттар мекені) бір шомылып шыққанда бұдан да әлде неше есе ауқымды таңғажайып табысқа тап болар едік. Өйткені тап осы уақытта анау ұланғайыр үстіртте қалың түрік қара нор болып тап жылмай жатқан еді.

Сонымен, кіріспе үшін, мысал, мысал болғанда барлық сөзді түгел тізіп беру міндет емес, тек басты-бастысын ғана атап өтеміз. Лексиканың өзгеріске ұшырай қоймайтын, өзінің тектік байырғы қалпын, тұрақтылығын сақтап қалатын бір бөлігі қандық туысқандық атауллар. Сөздіктегі қандық туысқандықтың негізі болатын сөздер. Бұл сөздердің латынша және қазақша жазылуы А.Егеубаевтың нұсқасы бойынша алынды. «ТӨRKIN – ТӨРКІН – төркiн»  сөзі көне моңғол тілінде «төркум», қазіргі моңғол тілінде «төрхөм» (айтылуы төркім), «UMAI – ҰМАЙ – умай» (жаңа туған баланың жолдасы) көне және қазіргі моңғол тілінде «умай» (айтылуы ұмай) қазақ тілінің «ананың жатыры» мағынасын береді. «URUQ – УРУҚ – ұрық» – көне моңғол тілінде «угуруг», қазіргі моңғол тілінде «уураг» (айтылуы уурыг) – ұрық; Қазіргі моңғол тілінде «үр» деген сөз бар. «Тұқым», «дән» деген мағына береді. Моңғол көне тілінде осы сөз «үрүг» деп аталыпты. Бұдан қазақ тіліндегі «ру» аталымының түп тамырын байқауға болады. Бұл жөнінде Ә.Қайдар «ру» этнонимінің этимологиясын ұр[ur] көне түркілік қабат потомство «ұрпақ», род «тек», «тұқым», семья ұрық» семаларымен мағыналық өріс шеңберінде түсіндіреді [Ә. Қайдар, 267]. ЕR – ЕР – эр, ҚATUN – ҚАТЫН – хатан (айтылуы қатын), TAMUR – ТАМЫР – тамир (айтлуы тәмір), ERKEK – ЕРКЕК – эрэгтэй (айтылуы эрігтей) «ерекек тақағұ – еркек тауық – эрігтей такиа». Қазіргі қазақ әдеби тілінде көп қолданыла бермейтін, бірақ аймақтық тілде бар, моңғолия қазақтарының тілінде жиі ұшырасатын сөздің бірі АМАRАҚ– АМЫРАҚ – ынтызар, әуес, үйір, ғашықтық деген мағына береді. «Жітікке саяқ амырақ» деген мақал да бар. Моңғол тілінде «амараг» (айтылуы амырыг) т.б. Мұның сыртында абу(әке), ижий (әже), эхэ (ене, ана), ах-а (аға), бүл (бөле) қатарлы туыстық атаулардың көне түрік тілімен толық сәйкесетіндігін атаумен ғана шектелсек лазым.  (жалғасы бар)

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар