Зейнетақымен қоса, азық түлік бағасы да өсе ме?

725 рет қаралды
1

2011 жылдың шілдесінен бюджеттік сала қызметкерлерінің айлық жалақысы 30 пайызға дейін артатын болды. Бұл жайында Қаржы министрі Болат Жамишев өз блогында жазған екен.

МЕМЛЕКЕТ БЮДЖЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН ЖЫЛ САЙЫН ҰЛҒАЙТУДА

d3jO0lG7Елбасының биылғы жылғы дәстүрлі халыққа Жолдауының төртінші бабы – Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай «Басты байлығымыз – адам» деп үкіленіп, оның 3-тармағы «Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау» деп аталады. Онда: «Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады» делінеді. Елбасы Жолдауындағы осы мақсат қаншалықты орындалды?

Осы сұраққа жауап іздеп көретін болсақ, мемлекет тарапынан әлеуметтік төлемдерді көбейту қолға алынған. Биыл шілдеден бастап әлеуметтік төлемақылар 30 пайызға өсті. Алдағы жылда да бюджеттік қызметкерлердің жалақысын осы деңгейге көтеру көзделді.

Қаржы министрі Болат Жәмішевтің мәлімдеуінше, еңбекақы төлеу қоры 2011 жылы 1 трлн. 391,9 млрд. теңгені құрайды екен. Бюджеттік қызметкерлер жалақысын алдағы жылдың шілдесінен 30 пайызға көтеру үшін, қосымша 196,4 млрд. теңге қажет болады. Егер, жалақыны жаңа жылдан бастап көтеретін болса, жалақы қоры 1 трлн. 563,5 млрд. теңгеге дейін жетіп, 368 млрд. теңге қосымша қаржы қажет болады екен.

147Сондай-ақ, зейнеткерлер мен студенттердің төлемдерін алдағы жылдың қаңтарынан 30 пайызға артпақ. Әрі мемлекеттік әлеуметтік төлемақылар мен мемлекеттік арнайы төлемақылардың құны 9 пайызға өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан төленетін зхейнетақы мен жәрдемақы көлемі – 1 трлн. 10 млрд теңгеге жетеді. Ол биылмен салыстырғанда, 225 млрд. теңгеге артық. Бұның барлығы биыл қабылданған 2011-2013 жылдарға арналған мемлекеттік үш жылдық бюджетте ескерілген.

Демек, халықтың күн көру деңгейін өсіру, өмір сүру сапасын арттыру секілді мақсаттардың мемлекет тарапынан жүзеге асқандығын байқай аламыз. Бірақ, әлеуметтік төлемақыларды көбейткен сайын күнделіәкті тұтынатын азық түлік бағалары қайта шарықтап кетіп отыр. Билік соңғы кезде ырық бермей бара жатқан азық түлік бағасын ауыздықтаумен айналыса бастады. Бірақғ бұны қаншалықты тиімді болатындығы белгісіз.

АЗЫҚ ТҮЛІК БАҒАСЫН ҚАЛАЙ АУЫЗДЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

142Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, азық-түлік бағасының өсуі әр аймақта әртүрлісипат алып, 4-93 теңге аралығында болған. Мәселен, 5-қазан мен 9-қараша аралығында қарақұмық 20 теңгеге (11,4%-ға өскен), өсімдік майы – 16 теңгеге (6,8%), жұмыртқа – 15 теңге (10,3%),сүт – 5 теңге (4,7%), қант – 5 теңге (2,9%), картоп – 4 теңгеге (6,7%), помидоры – 93 теңгеге (104,5%) өскен. Жалпы соңғы үш айда – тамыз, қыркүйек, қазан айларында көптеген тауар бағалары 10 пайыздан 90 пайызға дейін қымбаттаған.

Бағаның ауыздықсыз кетіп бара жатқанына негізінен алыпсатарларды кінәлайды. Сонымен қоса, әлемдік рынокта ырықсыз кетіп бара жатқан баға да кінәлі. Сондай-ақ, сарапшылар бұл ретте «азық-түлік дағдарысының Ресейден келгендігін де айтуда. «Жазда болған құрғақшылықтан көршілеріміз қатты зардап шекті. Осыдан барып оларда дәнді дақылдар өнімінің бағасы шарықтап кетті. Бұдан соң таяқтың бір ұшы біздің елімізге де тиіп кетті» дейді көптеген сарапшылардың ой таразысы. Дүниежүзілік банктің деректеріне жүгінсек, Ресейде өткен екі айда қарақұмық бағасының өсім беру көрсеткіші 147 пайызға бір-ақ шықса, картоп өнімі – 30 пайызға, жұмыртқа бағасы 20 пайызға қымбаттаған.

Осыған байланысты Астанада Экономикалық даму және сауда министрлігінің ұйымдастыруымен Аст ана және Алматы қалаларының, облыс әкімшіліктерінің, Қазақстанның сауда биржасы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының өкілдері қатысқан бас қосуда халықты баға өсімінен қорғауға қатысты біршама шаралар ұсынылды. Бұл жиында кәсіпкерлер өз дилерлерімен сөйлесіп, бір аптаның ішінде өздері жеткізетін тауарларының жеке саудада бағасы өспеуін қатал қадағалайтындықтарын мәлімдеді. Сондай-ақ, салалық министрліктерге кедей отбасыларды қолдау мақсатында отандық өндірістің әлеуметтік маңызы бар тауарларын сатып алуы үшін пластикалық карточкалар беру тапсырылды.

ЭКОНОМИКАНЫ ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ

Сарапшылар халықтың күн көру деңгейін көтеру үшін тек әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджеттік қызметкерлердің жалақысын көтеріп қана қоймау керектігін айтады. Сонымен қатар, экономиканы диверсификациялау мәселесін де ескеру керек. Ол үшін Қазақстан шикізат елінен мықты индустриялы мемлекетке айналуы тиіс. Бұл мақсат Елбасы Жолдауында да айқын көрсетілген. Сол себепті де, елдегі орта тапты қалыптастыру мақсатында орта және шағын бизнесті дамыту, отандық өнімді көбейту, ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің дамуын қамтамасыз ету – басты мақсат болып отыр. Бұл тұрғыдан да жасалып жатқан іс шаралар ауқымы біршама. Тек қана қолдан жасалған кедергілерді жою қажет.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, журналист,

Әсет Тұрдығұлов,

Қазақстан Гуманитарлық-саяси

коньюктура орталығының бас сарапшысы.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Зейнетақымен қоса азық-түлік бағасының өсуі шекпенділердің қолдан жасаған ісі сияқты. Сондықтан, бұл жайтқа бей-жай қарамай тосқауыл қоя білсек жарар еді. Тек зейнетақыға қарап отырған ата-әжелеріміз қалай күн көрер екен…

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар