Қазандықтар жарылып, өзендер арнасынан асып жатыр

713 рет қаралды
1

Қоян жылы келе қыспаққа алып жатыр. Еліміздің түкпір-түкпірінде аязбен қоса, өзендер тасып, қазандықтар жарылып, әлеуметтің зықысын алып қойды.

ҚАРАҒАНДЫ МЕН СЕМЕЙ ТҰРҒЫНДАРЫ ЖЫЛУСЫЗ ОТЫР

 7 қаңтарда Семейде ТЭЦ-1 жылу энерго орталығында апат орын алған болатын. Апат салдарынан Ертіс өзенінің сол жағалауындағы ықшам аудандар: Новостройка, Юность, Океан, Цемент ауылдары тұрғындарының үйлері жылусыз қалған. Қазір бұл пәтерлердегі температура +8+10 градус айналасында. Ақпарат көздеріне қарағанда, мыңдаған адам жылусыз қалған. Қазір Семейдегі ауа температурасы -33-35 градусқа жетеді. Премьер-министр апатқа кінәлілерді анықтап, жазалау үшін арнайы мемлекеттік комиссия тағайындалғанын мәлім етті. Ақпараттарға сенсек, Семей қазандықтары 1931 жылы салынған екен. 80 жылдық тарихы бар ескі қазандықтардың қазіргі қысымға төтеп бере алмасы анық. 11 қаңтарда облыстың селекторлық жиналысын өткізген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қысқа дайындық барысында барлық ведмоство басшылары «өте жақсы» деп жалған есеп бергенін айтып, коммуналдық қызмет иелерін біраз сілкілеп алды. Жағдай тек қана Семейде емес, Риддер, Зырянь, Өскемен қалаларында да сын көтермейді. Соңғы 12 күнде 478 апат болған. Пәтер иелері атынан температураның өте төмендігі жайында шағымдар жиілеп кеткен. Көмірдің тапшылығы да бар. Премьер-министр Семейдегі жағдайды бір аптаның ішінде реттеуді бұйырып отыр. Облыс әкімінің мәлімдеуіенше Семейдегі жағдайды реттеуге бюджеттен қосымша 7 миллиард теңге қажет.

 12 қаңтарда Қарағанды облыстық Төтенше жағдайдар департаментінің шешімі бойынша Приозерск қаласында төтенше жағдай жарияланды.  4 қаңтарда Қарағандыға қарасты Приозерск қаласындағы қазандықтағы апаттан кейін 67 тұрғын үй мен 38 әлеуметтік нысанда жылу берілу тоқтатылған еді. Бұның себебі – сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі делінеді мәліметтерде. Бүгінде апат салдарын жою мақсатында онда 50 бригада жұмылдырылған. Жұмыс тобының мәліметі бойынша, 1-2 күнде жағдай тұрақталатын болады. Приозерскіде 13 мың тұрғын бар.

ШАРЫНДА 243 ҮЙ СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ

FB33BF02-7FA5-4B5F-A433-16CCF1491F94_w527_sҰйғыр ауданының Шарын ауылының су астында қалғанына бірнеше күн. Онда 6 мыңға жуық тұрғын бар. Шарын өзені арнасынан асып ондағы 243 үйді шайып кеткен. Әзірге адам шығыны жоқ. Ақпарат құралдарына сұхбат берген ауыл тұрғындары бұған кінәні ауыл әкімінен іздейді. Өйткені, Шарын суы жыл сайын арнасынан асып жатады екен. Мәселеге қанық әкім-қаралар оған қарсы ешқандай әрекет етпеген. Ал, бұған дейін салынған тоспаның бүгінде тозығы жетіпті. Ауыл әкімі жаңа салынып жатқан көпірдің салдарынан су кетті деген мәлімет таратса, ауылдықтар оны жоққа шығарып отыр. Жалпы, ауыл экономикасының қанша зардап шеккені әзірге беймәлім. Бірақ, 243 үйдің су астына қалып, баспанасыз босып жүргені анық. Қазір ауылда апаттан зардап шеккендерді мектепке паналатып жатыр.

Яғни, Қазақстан төтенше жағдайларға мүлдем дайын еместігін екінші қыс дәлелдеп отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Қайран, Семей! НӘН-ді 100 жасайды деп сенген Семей! Қазандықтарың 100 жылға жармай қалыпты ғой. Қазақстан осы бетінше тұра берсе, бір күні бізде, қазандық сияқты жарыламыз. содан, жалаймыз, өкінеміз! Бұл биліктің жауапсыздығынакн болған жағыдай!

Ошақ жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі