Сүйінші хабар! Қымбатты оқырман!
Осыдан екі ай бұрын дәстүрлі «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты семинар-тренингіне қатысу үшін «Мінбер» сайтында арнайы байқау жариялаған едік.
Байқаудың тақырыбы – «Блоггер болғым келеді» немесе «Қазақтілді БАҚ және жаңа медиа» болғаны белгілі. Бүгін біз сол байқаудың қорытындысын жариялап, семинар-тренингке қатысуға кімдердің жолдама алғандығын хабарлағалы отырмыз.
«Мінбердің» дәстүрлі семинарына қатысу үшін жариялаған байқаудың алғашқы мәресі жақындады. Былтырғы семинардан биылғы семинардың ерекшелігі – оның қаншалықты өзекті екендігін ескере отырып, Алматы мен Астана қалаларында өткізуді жөн көрдік. Алматы қаласына қатысушылар оңтүстік өңірден – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған және Батыс өңірден – Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан өтініш берді, Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысушылар Солтүстік өңірден – Қостанай, Қызылжар-Петропавл, Кереку-Павлодар, Көкшетау, Орталықтан – Қарағанды, Жезқазған, Батыс өңірінен – Атырау, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Шығыс өңірінен – Өскемен, Семей және Астана қалаларынан өтініштер түсті.
Сонымен, осы уақыт аралығында бізге 60-тан астам мақала келіп түсті. Мақалаларға қойылған негізгі талап – жаңа медиа технологияларын қаншалықты деңгейде игерген және проблеманы қалай түсінгендігіңіз сарапқа салынды.
Сондай-ақ, біз аймақтардан келген мақалаларға баса назар аудардық. Біз бүгін Алматы қаласында 27-28 мамырда ҚМЭБИ (КИМЭП) оқу орнында өтетін семинар-тренингке қатысушылардың тізімін жариялағалы отырмыз. Ал, Астана қаласындағы семинарға қатысу үшін өтініш беру маусымның 10-ына дейін жалғасады.
Олар:
| № | Қатысушы | Қала |
| 1 | Айжан Құлмұханбетова | Алматы |
| 2 | Ақырыс Сейтқазы | Алматы |
| 3 | Гүлжайна Алтынбекова | Қызылорда |
| 4 | Камшат Әбдірайым | Ақтау |
| 5 | Жазира Әбіл | Ақтау |
| 6 | Әйгерім Бозанова | Қызылорда |
| 7 | Ерлік Ержанұлы | Алматы |
| 8 | Жаңылай Базарбаева | Алматы |
| 9 | Жансая Жүнісова | Қызылорда |
| 10 | Әдина Жүсіпова | Алматы |
| 11 | Науатбек Иманбеков | Тараз |
| 12 | Ақкөңіл Қабылбекова | Талдықорған |
| 13 | Рыскүл Мадвасова | Cемей |
| 14 | Меруерт Сафаева | Cемей |
| 15 | Ерлан Тәжен | Алматы |
| 16 | Эльвира Үсенова | Талдықорған |
| 17 | Ұлықбек Әлиакпарұлы | Түркістан |
| 18 | Гүлбиғаш Омарова | Алматы |
| 19 | Табиғат Абаилдаев | Тараз |
| 20 | Құралай Қуатова | Атырау |
| 21 | Раушан Мақымова | Шымкент |
| 22 | Құралай Ахметова | Шымкент |
| 23 | Әсел Берікболова | Өскемен |
| 24 | Бекбосынова Гүлмира | Өскемен |
| 25 | Салтанат Ақтәжиева | Атырау |
| 26 | Аслан Сыдықов | Ақтөбе |
Семианарға қатысушыларды құттықтай отырып, таяу арада тренингті ұйымдастыруға байланысты қосымша мәліметтер жеке пошталарына жолданатынын еске саламыз.
Парақшамызға жазылыңыз
Алматыдағы тренингке қатыса аламын ба? Мақаламды, анкетаңызды толтырып жібергем
Алақай! Мен өттім!
[…] қайталаудың қажеті жоқ шығар. Ал дәл бүгін Алматыда «Мінбердің» екінші семинары басталды. Басқосуға үкілеп, Семейден […]
Семинарға қатысқаныма қуаныштымын!
Өте жақсы семинар өтті. Білімімізді толықтырдық, өте қызықты тақырыптар және жақсы ұстаздар. Рахмет!