/

Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз!?

1803 рет қаралды
3

Құрметті оқырмандар һәм қасымшыл жастар!

Ұлтымыздың ұлы перзенті, Алаштың ақиық ақыны Қасым Аманжоловтың ғасырлық тойы қарсаңында әлемтор кеңістігінде «Қасым» әдеби порталының тұсауы кесілді! Жаңа жоба Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауы мен Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің бастамасымен ашылды. Жаһандық желіні пайдаланушылар «Қасым» порталынан ақынның тағдыры мен жасампаз шығармашылығы жайында толыққанды ақпарат ала алады. Тарқатып айтсақ, дауылпаз ақынға арналған портал «Қасым-тағдыр», «Поэзия», «Аудармалар», «Көсемсөз», «Драма», «…өз жайымда», «Қасымтану», «Бір күй бар», «Қасым-Әлем», «Дүниеге келер әлі…», «Фотошежіре», «Бейнебаян» сияқты негізгі бөлімдерден тұрады. 

«Қасым» порталының ақылдастар алқасында ҚР Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, ҚР Жазушылар одағы Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы, ақын Серік Ақсұңқарұлы, «Болашақ» университетінің ректоры, идея авторы Нұрлан Дулатбеков, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің бас редакторы Мағауия Сембай, «НұрАстана» газеті бас редакторының орынбасары, сыншы Амангелді Кеңшілікұлы, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, жазушы Дидар Амантай, филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Мәуен Хамзаұлы мен Берік Рақым, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Құралбай Несіпбекұлы, Қарағанды Н.Гоголь атындағы ОҒӘК директоры Дина Аманжолова, филология ғылымдарының кандидаттары, қасымтанудың жанашырлары Азат Мақсұтбекұлы, Әлімжан Жақан, Жандос Шекен, Құралай Мағиқызы, «Қасым» әдеби-мәдени қоғамдық журналының бас редакторы Серік Сағынтай, Теміртау № 6 ЖББОМ филолог-оқытушысы Сәуле Қайырбек, «Қасым» әдеби порталының бас модераторы Дулат Аманжол және модераторлар Елена Мигович пен Айнар Ахметова бар.

Әрине, бүгінгідей ақпарат нарығы мен инновация заманында «Қасым» әдеби порталының болуы заңды құбылыс. Ал Қ.Амажолов ғұмырының һәм поэзиясының ашылмаған қыры мен сыры мол екенін ескерсек, портал үнемі толықтырылып, жаңартылып отыратын болады.

Алаштың аяулы ақынына арналған порталға үн қосыңыз. Ұсыныс тілектеріңіз болса Қонақ кітабына жазыңыз! Біз әрқашан тікелей байланыста боламыз, қадірлі оқырман!

 

Іске сәт, бауырлар, ұзағынан сүйіндірсін! Мінбер.кз

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Қасым Рақымжанұлы Аманжол Аруақты ақын ғой, баршаңызды киелі рухы қолдасын!

  2. Аруақты ақын, киелі рухы дегеніңіз тым артық сияқты, aqin! Ақын – әулие емес қой. Күпірлік айтып отқан сияқтысыз. Менің ойымша. Ал сайт болса өте тамаша екен , осы сайтпен келесі оқу жылында ашық сабақ өткізсем деп отырмын енді. Үлкен рахмет!!!

  3. Әулиенің түп-төркіні араб тілінен, діни наным-сенімге байланысты енген сөз ғой. Оның қазақ тіліне балдай батып, судай сіңгені сонша “қасиетті”, “құрметті”,”қадірлі” , “көріпкел”, “сәуегей” деген мағынаны да беретін тұстары бар. Ал ақындар шынтуайтында көріпкел, сәуегей адамдар. Халық көп жағдайда ақын мен өлеңші, жай бір тақпақшыны ажыратпай жатады. Абай – пайғамбар. Қасым – ақын. Айжамал қаным, сіздің ашық сабақ өткізу туралы пікіріңіз қандай тамаша, біз де ісіңізге сәттілік тілейміз.

Aizhamal жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар