Тамыздың 1 күні «mail.ru» -да «ресейліктердің 30 пайызға жуығы Ресей мен Қазақстанның қосылуын қалайды» деп Бүкіл Ресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығының «Евразиялық монитор» консорциумның шеңберінде жүргізген шал-пұшық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Бірден біздің көңілімізге келгені «бір елдің екінші бір елге» қосылуы туралы сұрақтың неге туындағаны? Басқа мемлекеттер емес, неге мұндай сауалды Ресейдің зерттеу орталықтары қояды? Бір мемлекет, егер ол тәуелсіз ел болса, басқа бір елге қосылуды жан тәнімен қалай ма? Қаласа, онда кімге пайдалы? Бұл бұрынғы «қосып алда билей бер дейтін» кеңес дәуірін көксеу ме? Түпкі мақсат не? Біздің ойымызша мұндағы басты меже ресейлік шовнизмді қайта жандандыру, шаңырағы ортасына түскен бұрынғы кеңестік одақты қайта тірілту үшін жүргізіліп жатқан экспанциялық саясаттың бір ұшқыны арқылы мысқалдап ел-жұрттың, бұхараның санасын орыс отарына қайта енуге етін үйрету болса керек. Зерттеу Бүкіл Ресейлік деп дабырайтқаны болмаса өте-мөте немқұрайлы әрі шалапұшық жүргізілген. Мәселен қазір 130 миллионға жуық халық тұрады. Ал зерттеушілердің қамтыған адам саны бар жоғы 1600. Яғни, бір адам 81250 адамның пікірін білдіре ала ма? Онымен қоймай зертешісымақтар бұл сауалды ресейдің 138 елді мекенінде жүргіздік дейді. Ал Ресейде бұл күнде 157 845 елді мекен болса ше? 138 елді мекен ресейлік барлық елді мекендердің тым болмағанда 0.00 пайызына да жетпейді. Сонда бұлардың мұндай шала жансар мониторингді жалпы ресейлік деуге қалай ауыздары барған деңізші? Осының өзі шовнистік көзқарасты білдірмей ме? Сондықтан мұндай сары, шалағай шатпақ ақпараттардан абайлаған дұрыс-ақ. Ал үкімет ұлттық тұтастыққа, мемлекетшілдікке, елдікке зияны бар мұндай негізсіз жариялымдарды қатаң қадағалағны абзал-ақ! Қарамер
Шалағай шатпақтың көксегені не екен?
Соңғы жазбалар
Оқу-ағарту министрлігінің дерегінше, соңғы бес жылда Қазақстанда 1 млн-нан аса оқушы орнына арналған 1 120 мектеп
Фото: ҚР Орталық сайдау комиссиясы ҚР Орталық сайдау комиссиясы 23 тамыз сағат 20.00-де сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының
Қазақстан құрамасы Эквадорда өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сындарын 3 алтын, 3 күміс және 4
Фото: Н. Жанпейісовтың архивінен Дәстүрлі ән мектебінде ұстазы шәкіртінің орындаушылық шеберлігін шыңдау үшін түрлі концерттерге шығаратын
Дүниеге келмес едік сіз бенен біз, Болмаса Адам ата, Қауа анамыз. Адам ата ұстатып кеңірдектен, Дәнді
Фатима Сұпығалиева Қазақстан дзюдосының тарихында қыздар әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш спортшы атанды Эквадордың Гуаякиль қаласында
Қазақ журналистикасында мәдениет пен руханият тақырыбын ұзақ жылдар жазған Айгүл Аханбайқызының өмірден өткеніне бір жыл толды.
«Қайрат» командасы УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуде «Андерлехттен» 0:3 есебімен жеңілді. Матчтың тағдырын алғашқы
Фото: olympic.kz Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындары Қазақстан спорты үшін кезекті
Фото: Г. Бажкенованың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасынан Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкенова сегіз жылға
Ресейліктер алжиын деген шығар. Өздері ішінен іріп-шіріп жатқанда. Одан да өздерін түзеп алмай ма… Мұндай зерттеуді біз де жасай аламыз. Бірақ жаманға ілесіп керек емес!
мынау зерттеу емеc, арандатушылық, бұны сауатсыздық деуге әбден болады екен. Ұятсыздар. Қазақты мәмбет деп жүр ғой, не айтса соған сене беретін.
Орыс қазақты өзіне қосып аламын деп өздігінен айта алмайды, Қазақстан Тәуелсіз ел екенін біледі, бірақ Ресейді қоздырып-қоздатып жүрген өз ішіміздегі Кедендік одақты жақтаушы қазақ билігі мен орыс диаспорасы. Қазақтың соры нғыз осылар.