Тамыздың 1 күні «mail.ru» -да «ресейліктердің 30 пайызға жуығы Ресей мен Қазақстанның қосылуын қалайды» деп Бүкіл Ресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығының «Евразиялық монитор» консорциумның шеңберінде жүргізген шал-пұшық зерттеуінің нәтижесін жариялады. Бірден біздің көңілімізге келгені «бір елдің екінші бір елге» қосылуы туралы сұрақтың неге туындағаны? Басқа мемлекеттер емес, неге мұндай сауалды Ресейдің зерттеу орталықтары қояды? Бір мемлекет, егер ол тәуелсіз ел болса, басқа бір елге қосылуды жан тәнімен қалай ма? Қаласа, онда кімге пайдалы? Бұл бұрынғы «қосып алда билей бер дейтін» кеңес дәуірін көксеу ме? Түпкі мақсат не? Біздің ойымызша мұндағы басты меже ресейлік шовнизмді қайта жандандыру, шаңырағы ортасына түскен бұрынғы кеңестік одақты қайта тірілту үшін жүргізіліп жатқан экспанциялық саясаттың бір ұшқыны арқылы мысқалдап ел-жұрттың, бұхараның санасын орыс отарына қайта енуге етін үйрету болса керек. Зерттеу Бүкіл Ресейлік деп дабырайтқаны болмаса өте-мөте немқұрайлы әрі шалапұшық жүргізілген. Мәселен қазір 130 миллионға жуық халық тұрады. Ал зерттеушілердің қамтыған адам саны бар жоғы 1600. Яғни, бір адам 81250 адамның пікірін білдіре ала ма? Онымен қоймай зертешісымақтар бұл сауалды ресейдің 138 елді мекенінде жүргіздік дейді. Ал Ресейде бұл күнде 157 845 елді мекен болса ше? 138 елді мекен ресейлік барлық елді мекендердің тым болмағанда 0.00 пайызына да жетпейді. Сонда бұлардың мұндай шала жансар мониторингді жалпы ресейлік деуге қалай ауыздары барған деңізші? Осының өзі шовнистік көзқарасты білдірмей ме? Сондықтан мұндай сары, шалағай шатпақ ақпараттардан абайлаған дұрыс-ақ. Ал үкімет ұлттық тұтастыққа, мемлекетшілдікке, елдікке зияны бар мұндай негізсіз жариялымдарды қатаң қадағалағны абзал-ақ! Қарамер
Шалағай шатпақтың көксегені не екен?
Соңғы жазбалар
Орал қаласыңдағы “ЖайықАрена” спорт кешенінде өткен ойын қызықты болды. Арена ішін лық толтырған ағайын қос командаға
Журналист, қазақ баспасөзінің белді өкілі Айгүл Аханбайқызы 53 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Айгүл Аханбайқызы 1972
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің білім беру саласында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың мақсаты –
20 тамызда Астанадағы әкімшілік сот Азат Еуропа/Азаттық радиосы – Қазақстан өкілдігінің (RFE/RL–Қазақстан) Қазақстан сыртқы істер министрлігіне
Әлемге тікелей ықпал етуші үш орталықтың бірі – Вашингтонда күні кеше жаһанның бірқатар ел тізгінін ұстаған
18 тамыз күні Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті.
15 тамыз күні Аляскада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің көптен күткен саммиті
Астанада таеквондодан халықаралық рейтингтік “Kazakhstan Open 2025” турнирі басталды. Бәсі биік жарыста әлемнің 22 елінен келген
2024 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы мен директорлар кеңесінің жиынтық сыйақысы 705 млн теңгені көрсетті.
Шымкент әкімдігі «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының қызметіне аудит жүргізетінін мәлімдеді. Алайда тексерістің Жиембай ісіне еш қатысы
Ресейліктер алжиын деген шығар. Өздері ішінен іріп-шіріп жатқанда. Одан да өздерін түзеп алмай ма… Мұндай зерттеуді біз де жасай аламыз. Бірақ жаманға ілесіп керек емес!
мынау зерттеу емеc, арандатушылық, бұны сауатсыздық деуге әбден болады екен. Ұятсыздар. Қазақты мәмбет деп жүр ғой, не айтса соған сене беретін.
Орыс қазақты өзіне қосып аламын деп өздігінен айта алмайды, Қазақстан Тәуелсіз ел екенін біледі, бірақ Ресейді қоздырып-қоздатып жүрген өз ішіміздегі Кедендік одақты жақтаушы қазақ билігі мен орыс диаспорасы. Қазақтың соры нғыз осылар.