/

Құдай сақтаған Қапар – 2001 жылы 11 қыркүйек

818 рет қаралды
5

Зымыраған заман. 2001 жылы 11 қыркүйекте дүние әлемді дүр сілкіндіріп, Американың Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларына жасалған шабуылдан бері он жыл өтті.

Осы қанды оқиғада көз жұмған 3 мыңға жуық адамның 2753-і Дүниежүзілік сауда орталығында қаза болған. Олардың 343-i өрт сөндіруші, 60-ы полицей екен. Қаза тапқандардың арасында 70 елдің азаматы бар. Біздің бүгінгі әңгімеміз сол кезде осы сауда орталығынада қызмет істеп жүрген, Түркия азаматы, ұлты қазақ Қапармен болды.

Қапар тоқсаныншы жылдардың басында Кипрден жоғары мамандық алған соң, Америкаға аттанады. Онда осы Сауда орталығында менеджер болып оншақты жыл қызмет істейді. Америка заңы бойынша шет елдерден келіп жұмыс істеуші азаматтар жылына бір рет осы елде тұру рұхсатын, эмиграциялық картасын тексертіп, қажет  болған жағдайда паспорт уақытын ұзартып тұруға міндетті екен. Қапар осы мерзімінің өтіп кеткенін кеш байқайды. Бұл заңға  қайшы. Жұмыс орны да, өзі де жауапқа тартылуы әбден мүмкін. Ал бұл шаруаның бірер күнде біте қоймайтынын байқаған Қапар ол жөнінде өзінің басшы меңгерушісіне айтады. Ол «оқиғаның арты насырға шауып кетуі мүмкін, сондықтан сен дереу кадр бөліміне хабарла» дейді. Кадр бөлімінің меңгерушісі Анжелика деген әйел оған «Кезекті демалыстан тыс берілетін жиырма күндік рұхсатты пайдаланып, іс шаруаңды бітіріп кел» деп кеңес береді. «Бұл тамыз айының жиырмасы кезі еді» дейді Қапар. Уақыт мәселесін аспай-саспай бітіріп қыркүйектің оны күні кадр бөліміне телефон шалады. Анжелика ертең менің қауырт шаруаларым бар, қолым бос емес, сен айдың он үші күні маған хабарлас дейді.

– Қыркүйектің  он бірі күні ертеңгісін сонда тұратын бір жиенімді көлігімен тағы бір жерге жеткізіп салып тоғыз сағат шамасында үйге келіп отырсам, – дейді Қапар, әлгі жиенім телефон шалып, «Қапар, үйдесің бе, теледидарыңды қосшы, сен қызмет ететін сауда орталығының астаң-кестеңі шығып жатыр. Не айтып тұрсың, қай телеарнадан деймін? Теледидарды қоссам  әлгі өзім қызмет ететін жүз он үш қабат зәулім, көк тіреген құрылысты қос ұшақ әлсін-әлсiн келіп түйреп өтеді. Есім шыққаны сондай, теледидар алдында екі сағаттай отырып қалыппын…

Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі деген екен. Құдай сақтады…  Жұмыс орыным үш (Суретте: Қапар Кесіжі)

айлық компенсация берді. Басқа жұмыс іздеуге, тіпті Америкада қалуға құмарым артпады. Елге оралдым» дейді.

Құдай сақтаған Қапар Кесіжі осыдан кейін Қазақстанға, атамекенге оралуды да ойлаған екен. Алайда оның жөн-жосығы бола қоймапты. Осы сапарында Алматыда оқып, жоғары білім алған, Монғолиялық қазақ қызына үйленіп, Түркияға келіпті. Туып-өскен мекенінде құрылыс фирмасын құрып, бұл күнде бақ қуатты өмір сүріп отыр екен.

Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Құдай сақтасын, елден ол жаққа студенттер көп барып жатыр ғой, қаракөздеріміз бен қарадомалақтарымыз аман-есен барып, тіл үйреніп келсе болды ғой.

  2. Нар тәукел деп, отаншыл, ұлтшыл болса елге келмей ме! Ал түрік болам десең жолың болсын!

  3. Түріктегі қазақтың бәрі Қазақстанға келіп, жерсіне алмаған екен. Оған не себеп болды екен?

  4. Kapar mirzaga telefon sogip xabarlaskan jiyeni men bolamin.Al 9/11 den keyin New York da omir suruv kalay boldi ekenin surasandar kisgasha men aytipjibereyin.Mende Kapar agam siyakti New York turgunu bop jurgem,agam meni jumisga aparip tasdaganson jumis orinimdan WTC korinetin terezeden karasam appak duman koteriledi,darev tv kosip korsek wtc ga ushakpen sogip birak bilshitin shigarip jibergen eken kim bolsada.Kisgasha angime 9/11 den keyin bastaladi negzinde.Birge jurgen dostarimiz amerikan azamati,immigrantdar baride ati jonimizdi uyrengende bizden alis jurgisi kelip,jaman kozben karap,jumisdan bosatip jiberip,jana jumisga kireyik desek kaydagi kagazdardi surap jumisga kiruvdi kiyindatip jibergen US gov. jane amerikandiktar.Uytkeni Allaga sansyz shukur bolsin islamic esimder bolgandan bizge solay istedi nadandar. ” atin kim? – atim Omar ! -ohh sen musulman ekesin goy,jok jumis jok sagan nemese 3 dollarga istesen al sagan jumis ” degen angimeder kop bolgan ol kezde.Kazir kalay ekenin bilmeymin.Allah nadandardan saktasin.Nadandardan saktasin degende pikir jazip ibergen Nurgul karindasga eki auz jazayin.2005 de jurtga oralip keldik aynalayin,bilip bilmey soylemev kerek.Aman esen sauboliniz.

  5. Омар Кесіжі мырза, сізге көп рахмет. Мына пікірлеріңіз бен назыңыз бізге ұнап отыр. Әр дайым бізге хат жазып хабарласып тұрыңыз. Суретіңізді салып жіберіңіз. Қазір қайда, не істеп жүрсіз? Американдықтар “атың кім? -Омар! -Оһо, сен мұсылман екенсің ғой, саған жұмыс жоқ”  дегеннен кейін қайда болдыңыз? Елден, Қазақстаннан неге кетіп қалдыңыз? Мүмкін болса ашық жазып жіберсеңіз, оқырмандарымыз дұрыс түсінік алар еді.

АЛАШҰЛЫ жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар