/

Қандай жағдайда акимат қызметкерін жауапқа тартуға болады?

1005 рет қаралды
5

Саламатсыз ба, Жанерке, Мінбердің бұл бастамасы біз үшін өте тосын жаңалық боды. Сол үшін рахмет. Сұрайын дегенім, талай рет жоғары лауазымды шененіктерге хат жолдап, жауап ала алмай жүрмін. Журналистің сұраным хатына әкімшілік кызметкерлері ол телекомпания әкімшіліктің жұмысын бұрмалап баяндайды деген сылтаумен. өз қызметтері жөнінде ақпарат беруден бас тартад. Бұл ретте әкімшілік қызметкерін жауапқа тартуға бола ма?

Саламатсыз ба, Бек, рахмет сауалыңызға!

Әкімшілік қызметкерлерінің бұл  әрекеттері «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 18 бабына қайшы келеді. Мемлекеттік органдар
БАҚ-на белгіленген мерзімде сұраған ақпараттарын беруге міндетті. Әкімшілік қызметкерлерінің мұндай әрекеттері журналистiң заңды кәсiптiк қызметiне кедергi жасау болып табылады. (25 баптың  3-тармағы)

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс мынадай жауапкершілікті көздейді:

«352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау»

1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу – айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу – лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заңдық кеңесті дайындаған: Жанерке

Парақшамызға жазылыңыз

5 Comments

  1. Интернет журналистикадағы авторлық құқықтың сақталмауы қазір белең алып отырған ең ауқымды проблемалардың бірі. Бұл жайында біздің авторлық құқық туралы заңдарда арнайы бабтар қарастырылған ба? Егер қарастырылмаса авторлық құқық бұзушылықтарды қалай шешуге болады? Рахмет, Жанерке!

  2. Жанерке, рахмет сізге! Диктафон және жасырын камераны істету, оны сотта куәлікке тарту жайында заңда қандай шектеулер мен нормалар бар осы жайлы айтып берсеңіз. Мысалы, осындай видеолар мен аудио материялдардың барлығы сотта куәлікке жарай ма?

  3. Заңдық кеңестеріңізге рахмет, дегенмен бұл айдарды тезден жаңалап тұрсаңыздар екен.

  4. Саламатсыз ба, Шалқар! Тілегіңіз орынды. Біз бұл айдарды аптасына екі рет жаңалаудамыз. Сейсенбі және бейсенбі күндері. Сізді толғандырған сауалдар болса, жолдауыңызға болады. Біз көмек көрсетуге әрдайым дайынбыз.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Дос Көшім, саясаттанушы: Президенттің басым дауыспен жеңіске жетуі – авторитарлық жүйенің қалыптасқан қағидасы. Өйткені Президент өзгелерден оқ бойы озық болуы керек

Қазақстанда 2022 жылдың 20 қарашасына кезектен тыс сайлау өтті. 81 пайызбен атқарушы Президент Қ.К. Тоқаев басым